Архив событий

04/04/2016

Оңалту рәсімі қолданылды

04/04/2016

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Термо Транзит» шаруашылық  жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының оңалту рәсімін қолдану туралы арызын қарады.

Сот анықтағандай «Термо Транзит» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны төлеуге қабiлетсiз,  оңалту рәсімін қолдану арқылы оны қалпына келтіруге мүмкіндік бар екені жөнінде сотқа өтініш білдірді. 

Ақмола облыстық сотының жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің қызметі туралы

04/04/2016

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес облыстық және оған теңестірілген соты жанындағы консультативтік-кеңесші орган      болып келеді және қоғамдық бастаумен өз қызметін жүзеге асырады.

Кеңес өз қызметін «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының заңы және «Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы» Ережесінің негізінде жүзеге асырады.

Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу

04/04/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 208-бабына сәйкес электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе телекоммуникациялар желісімен берілетін заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз көшіру немесе өзгедей құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 2

Сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушыларды сауалнамаға қатысуға шақырамыз

04/04/2016

ҚР Жоғарғы Сот ағымдағы жылғы 4 сәуірден бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізуді бастайды.

Сауалнама жүзеге асырылып жатқан реформалар, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Атмосфераны ластағаны үшін қылмыстық жауаптылық

04/04/2016

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 329-бабына сәйкес экологиялық талаптарды бұзу салдарынан атмосфералық ауаны ластау немесе оның табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту, егер бұл іс-әрекет қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 3000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол

Сот 15 тәулікке қамаққа алу және 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады

04/04/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат А-ның әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарғаны анықталды.

Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы

04/04/2016

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 69-бабына сәйкес, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін: он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын; он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық

04/04/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 25-бабына сәйкес Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.

Азаматтық сот ісін жүргізудегі сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары

04/04/2016

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің  119-бабына сәйкес сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.