Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 208-бабына сәйкес электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе телекоммуникациялар желісімен берілетін заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз көшіру немесе өзгедей құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 200 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 60 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға немесе  мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қатысты; адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 2000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы қылмыстар: қылмыстық топ болып жасаумен; ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Источник: 
Пресс служба Акмолинского областного суда