Архив событий

25/04/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

25/04/2016

2016 жылдың 27 сәуірінде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Ақмола облыстық сотының төрағасы Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлы сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін интернет-конференция өткізеді.

Ақмола облыстық соты Ашық есік күнін өткізеді

25/04/2016

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Ақмола облыстық соты 2016 жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызды қарады

25/04/2016

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азаматтық іс қарады.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты

25/04/2016

Көктем уақытының келуімен байланысты Ақмола облысының қылмыстық істер жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері, экологиялық айлық шенберінде өтіп жатқан жалпы қалалық сенбілікке қатысты.

Қызметкерлер ғимарат аумағындағы ағаштар мен ернеулерді сылап, дуалдарды сырлады, ағаш маңындағы жерлер қопсытылды.

Жақсы аудандық соты Дөңгелек үстел өткізеді

25/04/2016

2016 жылдың 26 сәуірінде сағат 16.00-де Ақмола облысы Жақсы аудандық соты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізеді.

Аталған іс-шараға аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен прокуратура өкілдері қатысады.

Сот қоғамдық орынды ластаған үшін әкімшілік жаза тағайындады

25/04/2016

Шортанды аудандық соты ұсақ бұзақылық жасаған үшін азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат алкогольдік масаң күйінде жаяу жүргіншілер жолына темекінің тұқылын тастап, қоғамдық орынды ластаған. Осы әрекетімен, ол қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірді.

Сот отырысында азамат И. құқық бұзушылық жасаған үшін кінәсін толық мойындады.

Тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс тоқтатылды

25/04/2016

Жарқайың аудандық соты азамат У-ға қатысты  әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат У. өз үйінде тұрмыстық ұрыс-керістің барысында  жұбайына былапыт сөйлеп, сыйламаушылық білдіріп, тұрғын үйде тыныштықты бұзған.  

Сот отырысында азамат У. жұбайына былапыт сөйлегені жөнінде өз кінәсін мойындап, өкінді.

Сотта, жұбайы құқық бұзушылықтың мән-жайларын растап, құқық бұзушымен татуласуына байланысты, азамат У-ға қатысты әкімшілік істі тоқтатуды сұрады.

Еңбекшілдер аудандық соты 2016 жылдың I тоқсанының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді

25/04/2016

Еңбекшілдер аудандық сотының төрайымы Ғ.Анарбекова  2016 жылдың I тоқсанының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Брифингке судья Т.Жұмақаев, прокурор А.Тоқбергенова, адвокат С.Устажанова және аудандық газеттің өкілі Д.Васильев  қатысты.

Бурабай аудандық соты Дөңгелек үстел өткізді

25/04/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты «Сотта дауларды балама тәсілдермен шешу» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға аудандық сот төрағасы мен судьялары, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары, құқықтық бөлімнің бас маманы және Бурабай ауданының қорғаушылары қатысты.

2016 жылдың I тоқсанында Сандықтау аудандық соты 17 әкімшілік іс қарады

25/04/2016

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты 2016 жылдың I тоқсанында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабы бойынша " Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" 17 әкімшілік іс қарады.  

Құқық бұзушыларға әкімшілік түрінде келесі жазалар қолданылды: 2 - азаматқа әкімшілік қамаққа алу, 15 - азамат көлік құралын басқару құқығынан айырылды.