Архив событий

01/04/2016

Сот шешімімен көрсетілген телефон қызметі үшін берешек өндіріліп алынды

01/04/2016

Шортанды аудандық соты  «Қазақтелеком» АҚ-ның жауапкер Қ-ға көрсетілген телефон қызметі үшін берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.        

Сот анықтағандай, жауапкер Қ. «Қазақтелеком» АҚ-ның көрсетілген телефон қызметін төлемеген және қарызды төлеуден жалтарған.

Сот отырысында жауапкер Қ. қойылған талап арызбен келісіп, жақын уақытында берешекті төлеуге міндеттенеді.

Сот мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызды қанағаттандырды

01/04/2016

Ерейментау аудандық соты «Ерейментау аудандық орталық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның азамат Қ-ны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қарады.

Парақорлыққа делдал болу

01/04/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 368-бабына сәйкес парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткiзуге немесе оны iске асыруға ықпал ету – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 10 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сот тұтынушылық қызмет бойынша берешек өндіріп алды

01/04/2016

Ерейментау аудандық соты «Арэк-Энергосбыт» ЖШС-нің  коммуналдық қызметіне төлеу туралы бойынша азамат Н-нен берешекті өндіру жөнінде сот бұйрығын шығару бойынша азаматтық  іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Н. көрсетілген электрмен жабдықтаудың қызметтерін ай сайын төлемеген, осыған байланысты өсім есебімен 40 103 теңге мөлшерінде берешек пайда болды.

Сот Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады

01/04/2016

Ақмола облысы Степногорск аудандық соты Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.       

Сотта, Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан Республикасының аумағына 2016 жылдың 24 қаңтарында келіп, қазіргі күнге дейін ішкі істер органдарының тіркеуіне тұрмаған, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тіркеу мерзімі асырылуда. Осыған байланысты, ол көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзған.   

Сотта тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды

01/04/2016

Ақмола облысы Степногор қалалық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Респуликасы кодексінің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») құқық бұзушылық жасаған азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта азамат А. алкогольдік масаң күйде жеке тұрғын үйінде жұбайына былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсеткені анықталды, яғни жұбайынын тыныштығын бұзған.

Сотта татуласуына байланысты тараптардан әкімшілік істі тоқтату туралы өтініш хаттар түсті.

Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі

01/04/2016

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 66-бабына сәйкес, Еңбек Кодекстің 65-бабының  4-тармағында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жаза жұмыскерге тәртіптік теріс қылық анықталған кезде тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.

Сот денсаулыққа зиян келтірілгені үшін үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

01/04/2016

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. алкогольдік масаң күйде азамат К-мен жанжалдасу  кезінде пышақпен екі рет соққы жасап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру

01/04/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабына сәйкес терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату – мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сот орындаушыларының іс әрекеттері заңсыз деп танылды

01/04/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты Бурабай аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушыларының іс әрекеттеріне шағымдану бойынша азаматша З-ның шағымын қарады.

Сотта, арызданушының қайтыс болған жұбайы азамат Ф. пайдасына белгілі соммадағы кепілақы төлеуге міндетті болғаны анықталды. Алайда оның қайтыс болуына байланысты кепілақы төлеу міндеті жұбайы және мұрагері азаматша З-ға ауыстырылды.

Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникациялар желісіне құқыққа сыйымсыз қол жеткізу

01/04/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205-бабына сәйкес электрондық жеткізгіштегі заңмен қорғалатын ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникациялар желісіне азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан қасақана құқыққа сыйымсыз қол жеткізу – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 300 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түз

Апелляциялық сот алқасы қаулыны өзгеріссіз қалдырды

01/04/2016
Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, Астрахан аудандық сотының қаулысымен азамат М. өз автокөлігімен жолдың қарама қарсы бағытта тұрған көлікке соқтығысып, Жолда жүру қағидаларының ережелерін бұзғаны және ішкі істер органдарына хабарламай, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны анықталды.

Сот денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады

01/04/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты азаматша К-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша К.  кикілжің салдарынан бірге тұратын ер азаматқа пышақпен денесіне бірнеше соққы жасап, оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiрді.