Архив событий

13/04/2016

Еңбекшілдер аудандық соты татуласу келісімін жасауымен 5 азаматтық іс қарады

13/04/2016

2016 жылдың 1 тоқсанында Еңбекшілдер аудандық соты 60 азаматтық іс қарады, оның ішінде 5 азаматтық іс татуласу келісімін жасауымен тоқтатылды.

Сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында татуласу келісімі жасалуы мүмкін. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді. Татуласу келісімін сот бекітеді.

Көкшетау қалалық соты дөңгелек үстел өткізеді

13/04/2016

2016 жылдың 22 сәуірінде сағат 11.00-де Көкшетау қалалық соты «Үкімдердің айыппұлға қатысты орындалуы жөнінде» тақырыбына прокуратура, Әділет басқармасы өкілдері және қылмыстық істерді қарайтын  судьялардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізеді.

 

Ақкөл аудандық соты татуласу келісімін жасауымен 3 азаматтық іс қарады

13/04/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 175-бабына сәйкес (Татуласу келісімін жасау), татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді. Татуласу келісімін сот бекітеді.

Сот айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріген үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

13/04/2016

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Д. қоғамдық орындағы балалардың ойын алаңында алкогольдік масаң күйде болып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріген.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты тараптардың татуласуына байланысты 28 іс қарады

13/04/2016

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында тараптардың татуласуына байланысты қаралған істердің саны арттыруда.

Мысалы, 2016 жылдың I тоқсанында Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 1652 азаматтық іс қаралған, оның ішінде татуласу келісімін жасауымен 26 азаматтық іс және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеумен 2 іс қаралды.

Шортанды аудандық соты тараптардың татуласуына байланысты 18 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер қарады

13/04/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 175-бабына сәйкес татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.       Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабына сәйкес қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген

Сот 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

13/04/2016

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіргені үшін айыптау бойынша азамат П-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат П. досының үйінде достарымен ішімдік ішу кезінде азамат Г-мен жанжалдасып қалғаны анықталды. Жанжал барысында азамат П. үстел үстіндегі пышақты алып азамат Г-ның кеудесіне соққы жасаған, нәтижесінде азамат Г. қылмыс болған жерде қайтыс болған.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дөңгелек үстел өткізді

13/04/2016

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу шығындарын өндіру» тақырыбында сот төрағасы, судьялар, сот кураторы, Ақмола облыстық  соты судьяның қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге прокуратура, әділет, Ақмола облысының ішкі істер Департаментінің өкілдері және Көкшетау филиалының «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі сот медицинасы орталығы» Республикалық Мемлекеттік коммуналдық Кәсіпорны шақырылды.

Сот мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызды қанағаттандырды

13/04/2016

Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 130-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру), медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және созылмалы алкоголизммен немесе нашақорлықпен не уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және ерікті түрде емделуден жалтаратын адамдарға

Сот алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін алкоголь өнімін сату лицензиясының қолданысын тоқтатумен айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

13/04/2016

Ақмола облысы Жақсы аудандық соты азаматша  С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, азаматша С. дүкенде сатушы болып жұмыс істеп, түнгі сағат 23.45-те көлемді үлесі 40 пайыз болатын алкоголь өнімін сатқаны және осы іс-әрекетімен рұқсат етілмеген уақытта этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын сағат 21.00-ден келесі күнгі сағат 12.00-ге дейінгі уақыт аралығында сатып, Қазақстан Республикасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны анықталды.