Архив событий

29/04/2016

Сот Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

29/04/2016

Ақмола облысы Атбасар аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.       

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келіп, ішкі істер органдарының тіркеуінен өтпей, үш тәулік мерзімінен астам тұрып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тіркеу мерзімін асырған. Осы әрекетімен, ол көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзған.   

Жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот бұйрығы

29/04/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты жеті азаматтардың «Г» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы  талап арыздарын қарады.

Сот бұйрығымен «Г» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен осы ЖШС-нің жеті азаматтары мен қызметкерлердің пайдасына жалақылар бойынша берешегі өндіріп алынды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енді және орындауға жолданды.

 

Жеңіс күніне арналған. «Ол кәсібилік пен адамгершіліктң үлгісі»

29/04/2016

Судья-майдангер Мясоедов Владимир Павлович-1920ж.т. 1975-1980 жылдардағы Көкшетау облыстық соты төрағасының орынбасары.

Өкінішке орай кейбір очерктегі кейіпкерлеріміз - сияқты В.П.Мясоедов туралы да  дерегіміз аз. 2002 жылы шыққан «Заңгер» журналындағы мақала мен өзге де ақпарат бастауларынан бізге белгілісі ол Алматы облысында дүниеге келген. Оның Ұлы Отан соғысына қатысқандығы дәлелді. Соғыста ауыр жараланып, мүгедектік алған. Көптеген жауынгерлік марапаттарға ие болған.

Қорғалжын аудандық соты Ашық есік күнін өткізді

29/04/2016

Қорғалжын аудандық соты Ашық есік күнін өткізді.

Бұл күні азаматтар аудандық сотқа меншік құқығын тану туралы сұрақтарымен жүгінді. Келушілердің барлық жүгінулері мен сұрақтары талап арызды құрастыру және қажетті құжаттарды жинаумен байланысты болды.

Аудандық сотының төрайымы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын азаматтарға түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Ақмола облыстық соты Жеңіс күні қарсаңында спорттық турнир өткізеді

29/04/2016

2016 жылдың 29 сәуірінде сағат 17.00-де Ақмола облыстық сотында Ұлы Жеңіс күніне арналған Ақмола облысының судьялары үшін спорттық турнир өткізіледі.

Турнир бағдарламасында: дойбы, шахмат, үстел теннисі, бильярд, мини-футбол мен волейбол.

Турнирді ұйымдастырушы  «Казақстан  Республикасының Судьялар одағы» РҚБ-нің Ақмола облысының филиалы.

 

Сандықтау аудандық соты Ашық есік күнін өткізді

29/04/2016

Соттардың ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты аудан тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізді.

Сот төрағасы А.Аймұхамедов Балкашино селосының тұрғындарымен кездесті. Ашық есік күніне азаматша С.Зуева мұра жөнінде сұрақпен жүгінді.

Азаматшаға заңның нормалары түсіндірілді. Сонымен қатар, заңгерлік көмек алу үшін Сандықтау ауданының заң кеңесіне жүгінуге ұсыныс жасалды.

«Аффект жағдайында, қажеттi қорғанысты асыра пайдалану кезіндегі қылмыстарды саралау сұрақтары. Қажеттi қорғаныс» тақырыбына қашықтықтан оқыту

29/04/2016

2016 жылдың 29 сәуірінде сағат 15.00-де «Аффект жағдайында, қажеттi қорғанысты асыра пайдалану кезіндегі қылмыстарды саралау сұрақтары. Қажеттi қорғаныс» тақырыбына қылмыстық істерді қарайтын  облыс судьялардың қатысуымен қашықтықтан оқыту өткізіледі.

Қашықтықтан оқытудың үйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.