Архив событий

27/04/2016

Жеңіс күніне арналады. «Сталинградтан Берлинге дейін жол кешкен»

27/04/2016

Судья майдангер Петров Николай Иванович – 1923 ж.т. 1959-1975ж.ж. Көкшетау облыстық сотының төрағасы

Көкшетау облыстық сотын соғыстан кейінгі жылдары төрт майдангер басқарды. Олар 1948-1955 жылдары судья Г.Х. Ахмедов, 1957-1959 жылдары судья И.А.Солуня, 1955-1957 жылдары Н.Т.Галочкин және 1959-1975ж.ж. Н.И.Петров. Бүгінгі әңгімеміз Николай Иванович Петров жайында.

Сот жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы өтініш хатты қанағаттандырмады

27/04/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты сотталған Н-ның жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы өтініш хатын қарады.

Ақкөл аудандық сотының үкімімен азамат Н. бұрын Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 - бабының 1- бөлігімен («Ұрлық») сотталып, оған пробациялық бақылау белгіленіп, бір жылға бас бостандығын шектеу  жазасы тағайындалған.      

Қорғалжын аудандық соты семинар сабақ өткізді

27/04/2016

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотының судьялары мен мамандары  «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» тақырыбында  семинар сабақ өткізді.

Ақмола облысының қылмыстық icтep жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ашық есік күнін өткізді

27/04/2016

Ақмола  облысының қылмыстық icтep жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Ашық есік күнін» өткізді.

 Ашық есік күні сот ғимаратына  Көкшетау қаласының  «Фемида» және «Арна» заңды колледждерінің студенттері келді.

Студенттер «Төрелік» ақпараттық жүйесін қолдану бойынша кеңсе жұмысымен танысып, сот отырыс залдарын көріп келді.

Сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылардың арасында сауалнама жүргізу жалғасуда

27/04/2016

ҚР Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар мен сот процесіне қатысушылар арасында online-сауалнама жүргізуді жалғастырады.

Оnline-сауалнама 4 сәуірінен басталды. Сауалнама жүзеге асырылып жатқан реформалар, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Сот адам өлтіргені үшін он жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

27/04/2016

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Г-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат масаң күйде, кикілжін барысында, аспашамның плафонын жұлып алып, өзімен бірге ішімдік ішкен адамның бетіне, содан соң пышақпен мойнына соққы жасаған. Пышақ соққысынан, ер адам қылмыс орнында қайтыс болды.

Қорғалжын аудандық сотының қызметкерлері ағаш көшетін отырғызды

27/04/2016

Қорғалжын аудандық сотының ұжымы сот ғимаратына тиесілі аумақты тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары бойынша сенбілік өткізді.

Сот қызметкерлері ғимарат аумағындағы ағаштар мен ернеулерді ақтап, жерлерды қопсытып, ағаш  көшеттерін отырғызды.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті

27/04/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Х-ның бұрыңғы жұбайына қатысты балаларының тұрғылықты жерін анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 179-бабына сәйкес, тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы.