Архив событий

05/04/2016

Сот еңбек өтілі жөніндегі фактіні анықтау туралы талап арызды қанағаттандырды

05/04/2016

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты еңбек өтілі жөніндегі фактіні анықтау туралы азаматша И-дың талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, азамат И-дың Днепропетровский совхозында 1980–1983 жылдары  аралығында жұмыс жасағаны еңбек кітапшасында көрсетілген, бірақ белгісіз себептермен мөр қойылмағаны анықталды. Мемлекеттік мұрағатта бұл кәсіпорынның құжаттары жоқ.

Сот еңбек кітапшасында жазылған жазбалары мен куәгерлердің түсініктемелері негізінде азаматша И-дың талап арызын қанағаттандырды.

Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы еңбек заңнамасы

05/04/2016

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 118-бабына сәйкес, ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың қажеттілігін және оның көлемін жұмыс беруші айқындайды.

814 азамат әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды

05/04/2016

2016 жылдың бірінші тоқсанында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 851 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қаралып, 814 азамат әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды. Оның ішінде 27 адамға ескерту жасалды, 409 азаматқа әкiмшiлiк айыппұл салынды, 101 азамат әкімшілік қамаққа алынды, 258 азамат арнайы құқықтан айырылды, 19 азамат Қазақстан Республикасының шегінен шығарылды.

Кәмелетке толмаған 5 тұлғаға қатысты тәрбиелiк ықпал ету шаралары қолданылды.

Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату

05/04/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 211-бабына сәйкес азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе иеленушісі қолжетімділікті шектеген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз 200 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке

Освобождение от уплаты государственной пошлины. Отсрочка уплаты государственной пошлины

05/04/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 106-бабына сәйкес талап қоюшыны сотқа берілетін талап қою бойынша мемлекеттік баж төлеуден босату «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік баж төленбеген кезде талап қою арызы қараусыз қалдырылады және талап қоюшыға қайтарылады. Сот ұйғарымына шешімі түпкілікті болып табылатын апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

Сот жәбірленушілермен татуласуына байланысты сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты

05/04/2016
Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат С. бірнеше күн бойы төрт азаматтың үйлеріне заңсыз кіріп, азық-түлік ұрлағаны анықталды.

Сотта, сотталушымен келтірілген шығынды өтегеніне байланысты, қылмыстық істі тоқтату туралы жәбірленушілер мен сотталушыдан өтініш хаттар түсті.

Сот арнайы қоныста тұрғаны және жаппай саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккені туралы фактіні анықтау жөніндегі арызды қанағаттандырды

05/04/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты арнайы қоныста тұрғаны және  жаппай саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккені туралы фактіні анықтау  жөніндегі азаматша Н-нің арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, азаматша Н-ның  1933 жылы Краснодар аймағынан  Қазақстанның Пригородное ауылына қоныс аударылғын азаматша П-ның  қызы екендігі анықталды. Талапкердің анасы 1956 жылға дейін есепте тұрған. Азаматша Н.  1948 жылы арнайы қоныста өмірге келген, 1956 жылға дейін сол жерде тұрған.

Тегін заң көмегін көрсету

05/04/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабына сәйкес судья істі сот талқылауына дайындаған кезде немесе сот істі қараған кезде мына адамдарды: асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды;

«Заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында сот төрелігіне қызмет ету» тақырыбына үздік жарияланымдар байқауы жарияланды

05/04/2016

ҚР Судьялар одағының Ақмола филиалы Ақмола облыстық сотымен және Қазақстан Журналистер одағының Ақмола облыстық филиалымен бірлесіп,  аудандық, қалалық, облыстық және республикалық мерзімді БАҚ, телеарна және радио, сондай-ақ интернет-ресурстардың журналистері арасында «Заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында сот төрелігіне қызмет ету» тақырыбына байқау жариялады.

Лауазымды адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы

05/04/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабына сәйкес лауазымды адам өз қызметтiк мiндеттерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жай болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам жалпы негiздерде жауаптылыққа жатады.

Сот шарт бойынша міндеттемелерді мәжбүрлеп орындату туралы талап арызды қанағаттандырды

05/04/2016

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот «Степногорск қалалық емханасы» ШЖҚ-ғы МКК-ның жеке кәсіпкерге шарт бойынша міндеттемелерді мәжбүрлеп орындату туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.