Архив событий

22/04/2016

Ақмола облысының судьялары қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізген дәріс сабағына қатысты

22/04/2016

Ақмола облысы соттарының азаматтық істерді қарайтын судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен ұйымдастырылған қашықтықтан оқыту тәртібінде дәріс сабағына қатысты.

Дәріс сабағын «Корпоративтік даулар бойынша азаматтық істерді қарау сұрақтары» тақырыбында Жоғарғы Сот судьясы А.Қасымов онлайн режимде өткізді.

Аршалы ауданының тұрғыны есірткі заттарды иемдегені және сақтағаны үшін кінәлі деп танылды

22/04/2016

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты азамат П-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, «Рубеж» жедел-профилактикалық іс-шараның өткізуі кезінде, Аршалы ауданы ішкі істер бөлімінің  криминалдық полиция бөлім қызметкерлерімен азамат  П-ның үйінен газет түйіншектегі марихуана табылып, тәркіленді.   

Жеке тінту барысында азамат П-дан полиэтилендік пакет ішінде марихуана табылды.

Сот 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

22/04/2016

Ақмола облысы Астрахан аудандық соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. қоғамдық жерде азаматша Д-ны былапыт сөздермен балағаттаған. Осы әрекетімен, азаматша Д-ның қадір-қасиетіне тіл тигізіп,  қоғамдық тәртiптi бұзған.

Сот қаулысымен азамат А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Ақмола облысы Астрахан аудандық соты Ашық есік күнін өткізеді

22/04/2016

2016 жылдың 29 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Ақмола облысы Астрахан аудандық соты Ашық есік күнін өткізеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың сұрақтары бойынша Астрахан аудандық сотының төрағасы А.Ан қабылдайтын болады.

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты Ашық есік күнін өткізеді

22/04/2016

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Ақмола облысы Бұланды аудандық соты 2016 жылдың 25 сәуірінде сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың сұрақтары бойынша Бұланды аудандық сотының төрағасы мен кеңсе меңгерушісі қабылдайтын болады.

Сот мүлікті ұрлаған үшін жаза тағайындады

22/04/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, екі азамат терезеден  «И» ЖШС-нің электро-цехқа заңсыз кіріп, жеті аккумуляторлық батарейларды ұрлады.

Сот отырысында сотталушылар қылмыс  жасағанына өкініп, кінәсін толық мойындады.

Қорғалжын аудандық соты Ашық есік күнін өткізеді

22/04/2016

Аудан тұрғындарына, аудандық соттың  ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Қорғалжын аудандық соты 2016 жылдың 28 сәуірінде Ашық есік күнін өткізеді.

Азаматтар мен заңды тұлғаларды, сот төрелігін жүзеге асыруларына қатысты сұрақтарымен Қорғалжын аудандық сотының төрайымы Х.Кембаева қабылдайды.

Ақмола облыстық сотының жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес судья лауазымына кандидаттың моральдік-адамгершілік қасиеттерін талқылау бойынша отырыс өткізді

22/04/2016

Ақмола облыстық сотының жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес Жоғары Сот Кеңесімен жарияланған бос аудандық және оған теңестірілген соттарының судья лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысатын кандидаттың моральдік-адамгершілік қасиеттерін талқылау бойынша отырыс өткізді.

Отырысты соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің төрағасы, Ақмола облыстық сотының отставкадағы судьясы Т.Қасымов жүргізді.