Архив событий

14/04/2016

Сандықтау аудандық соты 2016 жылдың 1 тоқсанына сот жұмысының қорытындысын шығарды

14/04/2016

Сандықтау аудандық соты 2016 жылдың 1 тоқсанында 72 азаматтық іс қарады, оның ішінде жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы 8 азаматтық іс қаралды.

Сонымен қатар сотпен 15 азаматтарға қатысты 12 қылмыстық іс қаралды. Сотталушыларға келесі жазалар түрлері қолданылды: айыппұл - 2, қоғамдық жұмысқа тарту - 3, бас бостандығын шектеу  - 2, бас бостандығын айыру - 1. Тараптардың татуласуымен 7 іс тоқтатылды.

Жер телімдерін мақсатты пайдаланбауы жалға беру шарттарын бұзуға негіз болды

14/04/2016

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты    «Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің «Ж» ЖШС-не шарттарды  бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, «Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-мен  «Ж»  ЖШС-гі ауылшаруашылық тауар өндірісін  жүргізу  үшін жер учаскесін жалға алу туралы шарттар жасасқаны  анықталды. Талапкердің  ұсынған жер телімдерін зерттеу актісіне сәйкес, жер телімдері жауапкермен 2013-2014 жылдары өз мақсатына сай пайдаланылмағаны шарттарды бұзуға негіз болды.

Ақмола облысының Есіл аудандық соты ағымдағы жылдың басынан бастап алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін 48 әкімшілік іс қарады

14/04/2016

Ақмола облысының Есіл аудандық соты 2016 жылдың басынан бастап көлік құралдарын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарған 48 азаматқа қатысты  әкімшілік істерді қарады.

Сот анықтағандай, аталған азаматтар алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы қағидаларының 2-бөлімінің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Атбасар аудандық соты татуласу рәсімдерін қолданумен азаматтық және қылмыстық істерді қарады

14/04/2016

2016 жылдың 1 тоқсанында Атбасар аудандық сотымен 165 азаматық іс қаралып, оның ішінде 2 іс татуласу келісімін жасаумен, 2 іс медиация тәртібі арқылы дауды реттеумен қаралды.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 тоқсанында Атбасар аудандық сотымен 31 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 5 іс тараптардың татуласуымен және 1 іс медиация тәртібімен қаралды.

Көкшетау қалалық соты татуласу келісімін жасауымен 28 азаматтық және 22 қылмыстық істер қарады

14/04/2016

Азаматтық сот іс жүргізуде татуласу келісімін сот бекітеді және татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.

2016 жылдың 1 тоқсанында Көкшетау қалалық сотымен 2690 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 28 азаматтық іс татуласу келісімін жасауымен қаралды.

Сот ұсақ бұзақылық жасаған 20 азаматтарға қатысты әкімшілік істер қарады

14/04/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты  2016 жылдың басынан әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты 20 әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, аталған азаматтар белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастап, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды ластаған. Осылайша, азаматтар ұсақ бұзақылық жасаған.

Қылмыстық жауаптылықтан босату және ұрлық жасағаны үшін жаза тағайындалды

14/04/2016

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты екі аудан тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат К. және азамат А. жәбірленушінің үйіне заңсыз қіріп, оған тиесілі пластикалық терезелерді жасырын жымқырғаны анықталды.

Сотта, сотталушы К. мен жәбірленуші арасында татуласу және келтiрiлген зиянды қалпына келтіру туралы келісім жасалғандықтан, жәбірленушіден сотталушы К-ға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш хат түсті.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты татуласу келісімін жасауымен 7 іс қарады

14/04/2016

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 175-бабына сәйкес  татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді. Татуласу келісімін сот бекітеді.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

14/04/2016

Ақмола облысы Шортанды аудандық соты ауыл тұрғынға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сотпен, ауыл тұрғыны азамат В-ның гаражына заңсыз кіріп, электр араны және қолбұрғыны ұрлап, жәбірленушіге 23 000 теңге сомасына материалдық зиян келтіргенін анықталды. Осыған байланысты ер адам қылмыстық құқық бұзушылық жасап, қоймаға заңсыз кiрумен бөтеннің мүлкін жасырын жымқырды.

Астрахан аудандық соты дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу бойынша 2 азаматтық іс қарады

14/04/2016

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі.

Ақмола облыстық соты жалпы отырыс өткізеді

14/04/2016

2016 жылдың 18 сәуірінде сағат 17.00-де соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінде бос судья лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысатын кандидаттардың қарау нәтижелерін талқылау бойынша Ақмола облыстық сотының жалпы отырысы өткізіледі.