Архив событий

26/04/2016

Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекi бұйымдарын сатқаны үшін әкімшілік жауаптылық

26/04/2016

Шортанды аудандық соты жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер азаматша Ж. дүкенде жұмыс істеп, 18 жасқа толмаған жас өспірімге темекі сатқан.

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 133-бабының 1-бөлігімен (Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 40 АЕК көлемінде айыпұл түріндегі  әкімшілік жаза тағайындалды.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 38 әкімшілік іс қаралды

26/04/2016

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен, ағымдағы жылдың 4 айында сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау туралы 38 әкімшілік іс қаралды. Олардың ішінде орындалмаған сот шешімдері: 29 адам көлік құралын басқару құқығынан айырылған, 3 адам кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеуден бас тартқан, 4 тұлға әкімшілік айыппұлды төлеуден бас тартқан, 2 адам ақшалай борышты қайтарып бермеген.

Сенім телефонына хабарласыңыздар!

26/04/2016

Құрметті облыс тұрғындары, сіздерге Ақмола облыстық сотында сенім телефонының қызмет ететінін хабарлаймыз. Ақмола облысының судьялары Судья әдебінің кодексін, ал сот жүйесі қызметкерлері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидаларын) бұзған жағдайда және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы әрекетіне жол берген жағдайда, сіздер, 8-716-2-55-96-44 сенім телефоны арқылы Ақмола облыстық сотына жүгіне аласыздар.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес аясында

26/04/2016

Құрметті облыс тұрғындары. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес аясында Ақмола облыстық сотында ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы апта сайын азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді. Қабылдау күні: бейсенбі. Қабылдауды Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы Нұрмағанбетов Ардақ Елубайұлы  жүргізеді.Телефон: 8-716-2-55-96-66.

Сот Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады

26/04/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты Ресей Федерациясының азаматшасына  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, Ресей Федерациясының азаматшасы азаматтығы жоқ тұлға бола тұра, Қазақстан Республикасының аумағына келгені анықталған. Қазіргі күнге дейін ішкі істер органдарының тіркеуіне тұрмаған, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тіркеу мерзімі асырылуда. Осыған байланысты, ол көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзған.

Жеңіс күніне арналады. «Сот саласынан және заңдылықтан айнымады»

26/04/2016

Судья-майдангер Калимуллин Абдрахман Шайдулович - 1922-2009 ж.ж. 1956-1979 ж.ж. Державинск және Есіл аудандық соттарының төрағасы

 А.Ш.Калимуллин Алматы облысы Қаскелен ауданы (осы күнде Қарасай ауданы) Дружба ауылында ауыл еңбеккерінің көп балалы отбасында дүниеге келген. Алты баланың ең үлкені болып, ол еңбекке ерте араласып, әке-шешесіне қарындастары мен інілерін тәрбиелеуге көмектескен.

Жеңіс күніне арналады. «ЗАҢГЕРЛЕР ӘУЛЕТІНІҢ БАСШЫСЫ»

26/04/2016

Судья-майдангер Құрмашев Есләм Ғазизұлы 1923-1984жж 1948-1982ж.ж. Қазан, Қызылту, Келлеровка және Зеренді аудандық соттарының төрағасы

Өмірі мен ерлігін очерк аясына сыйғызу қиын болатын бұл кейіпкеріміз де Ақмола өңірінің перзенті. Оның бұрынғы көмекшісі және шәкірті болғандықтан, болашақта бұдан көлемді жанрда жазу міндетімді орындауға тырысамын.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ашық есік күнін өткізеді

26/04/2016

2016 жылдың 28 сәуірінде сағат 10.00-де Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Көкшетау қаласының «Фемида» заң колледжінің студенттеріне Ашық есік  күнін өткізеді.

Аталған іс-шара аясында қылмыстық іс бойынша көрсетілім сот процессін өткізу, сонымен қатар сот қызметімен таныстыру жоспарланған.

Өткізу орны: Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 46 «А».

Ақмола облыстық сотының Жауынгерлік және Еңбек Даңқы Залы жаңа материалдар және экспонаттармен толтырылды

26/04/2016

2015 жылы Ақмола облыстық сотының Жауынгерлік және Еңбек Даңқы Залы ашылды.

Залда Ұлы Отан соғысына  қатысқан судья-майдангерлердің Соғыс кезінен біздің күндерімізге дейін сақталған экспонаттар мен заттар жинақталған.  

Ұлы Отан соғысына қатысқан Ақмола облысы  судьяларына   арналған фото галереясы Залдың орталық қойылымы болып табылады.