Архив событий

21/04/2016

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот медиация тәртібімен азаматтық іс қарады

21/04/2016

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот «В» Сауда үйі» ЖШС-нің «Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарыз соммасын өндіріп алу туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 277- бабының 6- бөлігіне сәйкес тараптар медиация тәртібімен реттеу туралы келісім  жасады. Тараптар қарыз соммасын қайтаруына шарт бойынша қарызды бөлшектеп және төлем кестесіне сәйкес өтеуіне келісіп  келісім жасады.

Сот 90 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

21/04/2016

Есіл аудандық соты азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, полиция қызметкерлерімен азамат Н-нің үйін тінту кезінде, 0,2 грамм салмағында марихуана есірткі заты алынды, оны өткізу мақсатынсыз өз қажетілігі үшін заңсыз сақтаған.

Сот сотталушының кінәсін мойындағанын, оның шын ниетпен өкінгенін, жазаны және қылмыстық жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар ретінде ескерді

Еңбекшілдер аудандық соты «Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді

21/04/2016

Еңбекшілдер аудандық соты  2016 жылдың 26 сәуірінде сағат 15.00-де аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында учаскелік инспекторлардың қатысуымен «Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді. 

Еңбекшілдер аудандық соты дөңгелек үстел өткізеді

21/04/2016

2016 жылдың 21 сәуірінде сағат 15.00-де Еңбекшілдер аудандық соты электронды атқарушылық іс жүргізудің сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізеді.

Дөнгелек үстелге мемлекеттік және жеке сот орындаушылар шақырылды.