2016 жылдың 1 тоқсанында Қорғалжын аудандық соты ұсақ бұзақылық жасаған 5 құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік істер карады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың ең көп тараған түрлерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып табылады.

Мысалы, 2016 жылдың 1 тоқсанында Қорғалжын аудандық соты осы санатта 5 әкімшілік іс қарады, оның ішінде 5 құқық бұзушылар әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оларға келесі әкімшілік жаза турлері қолданылды:  1- айыппұл, 4 -қамаққа алу.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі