Архив событий

20/04/2016

Ақкөл аудандық соты жоғалған дәндік қолхаты бойынша құқықтарды қайта калпына келтіру туралы талап арызды қарады

20/04/2016

Сотпен, «А» ЖШС-ң өкілімен шаруа кожалығына 3 санаттаты 100 тонна 067 кг  бидай дәніне қолхат берілген және уақыт өткен соң қолхат жоғалғаны анықталды.

Сот отырысында шаруа қожалығының өкілі арыз талабын қолдады,  ЖШС – нің өкілі қарсы болған жоқ, дәндік қолхатты жоғалтқанын куә адамдар  растады.

Сот шешімімен шаруа қожалығының жоғалған дәндік қолхаты бойынша құқықтарды қайта қалпына келтіру туралы талап арыз қанағаттандырылып, жоғалған құжат  жарамсыз  деп танылып, жаңа құжат беруіне құқығы қайта қалпына келтірілді.

Ақмола облыстық соты семинар сабақ өткізеді

20/04/2016

2016 жылдың 22 сәуірінде сағат 14.30-де Ақмола облыстық соты азаматтық істер бойынша сот актілерінің сапасы туралы азаматтық істерді қарайтын  облыс судьяларына арналған семинар сабақ өткізеді.

 

«Корпоративтік даулар бойынша азаматтық істерді қарау сұрақтары» тақырыбына қашықтықтан оқыту

20/04/2016

2016 жылдың 22 сәуірінде сағат 15.00-де «Корпоративтік даулар бойынша азаматтық істерді қарау сұрақтары» тақырыбына азаматтық істерді қарайтын  облыс судьялардың қатысуымен қашықтықтан оқыту өткізіледі.

Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.

Сот жюриінің біліктілік комиссиясы Ақмола облысы судьяларының кәсіби біліктілігін бағалады

20/04/2016

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары құрамындағы Сот жюриінің біліктілік комиссиясы екі күн ішінде Ақмола облысы судьяларының кәсіби қызметін бағалады.

Сот жюриінің төрағасы Жоғарғы Соттың судьясы Моряк Шегеновтің басшылығымен біліктілік комиссиясы қызмет атқарып жатқан судьялардың лауазымдарына сәйкестігін тексерді. 

Ерейментау аудандық соты қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді татуластыру рәсімін қолдануымен қарады

20/04/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің  68- бабына сәйкес теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады, егер ол шынайы өкінсе және қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) әрекет қабiлеттiлiгi

20/04/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 23-бабына сәйкес он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) үшiн мәмiлелердi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан заңды өкілдері жасайды.

Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) өздерiнiң жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы.

 

Азаматтық іс жүргізудегі он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгi

20/04/2016

Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi олардың заңды өкілдерінің келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс.