Архив событий

07/04/2016

Щучинск қаласының тұрғыны К.Тәтембаев Ақмола облыстық сотының мұражайына келді

07/04/2016

Ақмола облысының ардагер судьялар кеңесінің төрағасы, отставкадағы судья М.Ғибәділов Ақмола облысы соттарының дамуы мен құрылу тарихы жөніндегі мұражайда Щучинск қаласының тұрғынына экскурсия өткізді.

Мұражайға келуші Кенжеболат Тәтембаев ардагер-судья Тәтембаев Кенжебай Тәтембайұлы жөнінде материалдар мен құжаттарды Ақмола облысы сотының мұражайына тапсырды.

Сот адам өлтіргені үшін 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

07/04/2016

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіргені үшін айыптау бойынша азамат М-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат М. масаң күйде болғандықтан азамат И-мен жанжал және төбелес барысында пышағын алып, оның кеудесіне соққы жасады, Алған пышақ жарақатының нәтижесінде азамат И. қайтыс болды.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілік

07/04/2016

Ақмола облысы Зеренді аудандық соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. үйде алкогольдік масаң күйде болып, жұбайымен ұрсысу кезінде, оның атына былапыт сөйлеген. Осылайша азамат А. жұбайының адами қадір-қасиетін қорлап, үй шегіндегі тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымен әйел көлік жүргізу құқығынан айырылды

07/04/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азаматша Е-ге қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Е. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес әйел орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар, азаматша Е. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының  2-бөлімнің 4- тармағының 2- тармақшасының талаптарын бұзған.

Бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық

07/04/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу – 2000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

07/04/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Б. орташа дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты семинар өткізді

07/04/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты біліктілігін арттыру курсын өту қорытындысын талқылау бойынша сот кеңсесінің мамандары және  сот отырысы хатшыларының бас мамандары үшін семинар өткізді. 

Сот отырысының хатшысы Ж.Әбдина сот мамандарын тағылымдамадан өту бағдарламасымен таныстырып, «Адам құқығы», «Сот төрелігінің Конституциялық негіздері», «Іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу», «Іскерлік тіл мәдениеті», «Мемлекеттік қызметтің реформасы» тақырыптарына сөз сөйледі.

Ақмола облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы ата-аналардың алдында сөз сөйледі

07/04/2016

Ақмола облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы А.Жұматова  ата-аналардың алдында «Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін жауаптылық» тақырыбына сөз сөйледі.

Аталған іс-шара Көкшетау қаласының білім бөлімімен жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстың алдын-алу, қоғам, отбасы және мектептің өнегелі  жыныс аралық қатынас және денсаулықты нығайту бойынша тәрбиелеудің мүмкіндіктерін қолдануымен тиімділігін арттыру мақсатында өткізілді.    

Сот 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады

07/04/2016

Ақмола облысының Целиноград аудандық соты азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қарады. 

Сот анықтағандай, азамат Т. өзінің үйінде жұбайына сыйламаушылық көрсеткен, кемсiтіп, жанжал шығарған, оған қатысты былапыт сөйлеген.

Сот қаулысымен азамат Т. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігі («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 2 тәулiк мерзім түрінде әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

 

Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

07/04/2016

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 181-бабына сәйкес, жұмыскердің: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнына; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуге; еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайларына және еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге; еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақ

Кiнәсiздiк презумпциясы

07/04/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабына сәйкес өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған тұлға өз кiнәсi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және өз өкiлеттiктері шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленгенге дейін кiнәсiз деп есептеледi.

Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.