Архив событий

08/04/2016

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін сот жаза тағайындады

08/04/2016

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты азамат Қ-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Қ. спирттік ішімдікті ішіп, кенеттен туған кикілжіннің нәтижесінде, өзінің танысы азамат А-ға пышақпен соққы жасап, денсаулығына  қасақана ауыр зиян келтірген.

Сонымен қатар, сот анықтағандай, сотталушының өз кінәсін мойындау туралы процестік келісім жасалған.

Сот қаулысымен қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындалды

08/04/2016

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы  Заңына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларының бірі қорғау нұсқамасы болып табылады.

Сот алқасы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды

08/04/2016

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Астрахан аудандық сотының үкімімен өзінің анасының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiргені үшін кінәлі деп танылған азаматша Л-ға қатысты қылмыстық іс қарады. Алған дене жарақаттарынан азаматша Л-дің анасы қайтыс болған.

Сот 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

08/04/2016

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат Б-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. автокөлік құралын басқара отырып, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, жол қозғалысына қауіп төндірген, осылайша ол Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 9-бөлімнің 2-тармағының талаптарын бұзған.

Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар

08/04/2016

Қазақстан Республикасының Азаматтық заңдарымен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.

Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу

08/04/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) – 1000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру

08/04/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 203-бабына сәйкес тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру – 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеті

08/04/2016

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына келтірген нұқсан (зиян) үшін материалдық жауаптылығы, егер Еңбек Кодексі және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) және құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық пен келтірілген нұқсан (зиян) арасындағы себепті байланыс нәтижесінде келтірілген нұқсан (зиян) үшін басталады.

Заңсыз сыйақы алу

08/04/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 247-бабына сәйкес мемлекеттiк органның не мемлекеттiк ұйымның мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамы болып табылмайтын жұмыскерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамның, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскерiнiң өз мiндеттерi аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметтер көрсеткенi үшiн материалдық сыйақыны, жеңiлдiктердi немесе мүлiктiк сипатта көрсетiлетін қызметтерді заңсыз алуы – 300 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 240 с

Жалақының ең төмен мөлшерін белгілеу

08/04/2016

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 104-бабына сәйкес, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмауға тиіс және ол қосымша ақылар мен үстемеақыларды, өтемақы мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да ынталандырушы төлемдерді қамтымайды және жұмыс істелген уақытқа пропорционалды түрде төленеді.                                    Өз еңбек міндеттерін орындаған жұмыскердің сағаттық жалақысының ең төмен мөлшері тиісті күн