Архив событий

28/04/2016

Сот нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

28/04/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер «Есіл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының» нұсқамасын орындамаған, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес өнімге сәйкес емес тауардың жөнелтпе құжаттамасын, жеткізушілерден жөнелтпе құжаттарын, ойыншық өнімдерін қадағалауды куәландыратын сәйкестендіру сертификаты өтініш берушінің мөрімен расталмаған. 

Сот Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматтарына әкімшілік жаза тағайындады

28/04/2016

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты үш Өзбекістан  Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік істер қарады.

Сотта, үш Өзбекістан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды.

Егіндікөл аудандық соты шығындарды өндіру туралы прокурордың талап арызы бойынша азаматтық іс қарады

28/04/2016

Егіндікөл аудандық соты  азамат Г-дан мемлекет мүддесіне қарыз соммасын, яғни экстрадиция шығындарын өндіру туралы Астана қаласы прокурорының талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, прокуратура органдары азамат Г-ны экстрадициялау мақсатында Беларусь Республикасының Минск қаласына іссапарға барған. Азамат Г. әуе көлігімен әкелінген. Іссапар шығындары 828 716 теңгені құрады.

Колледж студенті жалған мәлімет бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

28/04/2016

Көкшетау қалалық соты азаматша Ж-ға қатысты жалған терроризм туралы мәлімет бергені үшін айыптау бойынша қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, колледж студенті түнгі сағатта ұялы телефон арқылы, «Көкшетау Су Арнасы» ШЖК МКК-не қоңырау шалып, сол мекеменің аумағында жарылғыш зат бар екенін хабарлаған.

Қорғалжын аудандық соты семинар сабақ өткізеді

28/04/2016

2016 жылдың 29 сәуірінде сағат 11.00-де Ақмола облысы Қорғалжын аудандық соты «Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы» тақырыбында семинар сабақ өткізеді.

Семинарға Қорғалжын аудандық сотының судьялары қатысады.

Еңбекшілдер аудандық соты дөңгелек үстел өткізеді

28/04/2016

2016 жылдың 28 сәуірінде сағат 15.00-де Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты «Жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Аталған іс-шараға прокуратура өкілдері мен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері шақырылды.

Ақмола облысы Астрахан аудандық соты Ашық есік күнін өткізеді

28/04/2016

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Ақмола облысы Астрахан аудандық соты 2016 жылдың 29 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың сұрақтары бойынша Астрахан аудандық сотының төрағасы қабылдайтын болады.