Архив событий

11/04/2016

Алимент өндіру туралы сот бұйрығы

11/04/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 134-бабына сәйкес, сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Сот бұйрығы бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Үй жұмыскерлері

11/04/2016

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 136-бабына сәйкес, егер жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) жұмыс берушінің пайда алуы және (немесе) жұмыс беруші үшін пайда алу мақсатында орындалмаса (көрсетілмесе), жұмыс беруші жеке тұлғаларда отбасының бір немесе бірнеше мүшесі жүргізетін үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететін) жұмыскерлер үй жұмыскерлері деп танылады.

Жер қойнауын өз бетінше пайдалану

11/04/2016

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 334-бабына сәйкес жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірсе, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 500 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 300 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 90 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

11/04/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат Ж., қылмыстық теріс қылық жасады деп өзі айыпталып отырған қылмыстық іс бойынша шақырылған сот отырысына, алкогольдік масаң күйде келгені анықталды, осы ісімен азамат сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткен.

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінде бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін кандидаттармен әңгімелесу өткізілді

11/04/2016

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінде бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурсқа кандидаттармен әңгімелесу өткізілді.

Әңгімелесуге Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің 11 кандидаты қатысты. Осы іс-шараға байқаушы ретінде Ақмола облысы  бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Жақыпов қатысты.  

Азаматтық құқықтар мен мiндеттердiң пайда болу негiздерi

11/04/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабына сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады.

Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 48 азаматтар әкiмшiлiк жазаға тартылды

11/04/2016

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2016 жылдың басынан шетел азаматтарымен Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 48 азаматтарға қатысты әкімшілік істер қаралған. Бұл Ресей Федерациясының, Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия Республикасының азаматтары.

Сот кәмелетке толмағанды түнгi уақытта ойын-сауық мекемесіне кіруіне рұқсат бергені үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

11/04/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты дәмхана әкімшісіне қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, дәмхана әкімшісі кәмелетке толмағанды дәмханада түнгі сағат 22.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бергені анықталды.

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн әкімшілік жауаптылық туралы

11/04/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабына сәйкес лауазымды адамның тiл бiлмеуін уәж етіп жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы – 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

75-баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 40 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сот әйелге балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салу түріндегі жазаны тағайындады

11/04/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азаматша С. өзінің кәмелетке толмаған баласына ата-ананың тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамай, баласы дәлелсіз себептермен оқу сабақтарын босатқаны анықталған.