Архив событий

06/04/2016

Заңсыз бөтен тұрғын үйге кіріп, мүлігін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік

06/04/2016

Атбасар аудандық соты азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. есіктегі  құлыпты бұзып, бөтен үйге кіріп,10 шыныдағы салынған балды, музыкалық дыбыс зорайтқышты, матрас және киімдер ұрлаған.

Сотта  азамат Б. құқық бұзушылық жасағаны  үшін өз кінәсін мойындап,  шын  ниетімен өкінді.

Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу

06/04/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты адамның оларды бұзуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiруге әкеп соқса, –белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 3000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға

Сот 134 құқық бұзушыларға қатысты көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырумен әкімшілік істер қарады

06/04/2016

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  2016 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 158 әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, аталған азаматтар алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, осы іс-әрекеттерімен жол қозғалысына қауіп төндірген.

Азаматтық іс жүргізудегі соттың бұйрығы негізінде берешекті өндіріп алу

06/04/2016

Сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 134-бабына сәйкес сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Сот бұйрығы бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу

06/04/2016

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 179-бабына сәйкес,   еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу:  Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды, бақылауды және оған мониторингті;  Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді және қабылдауды; еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсарту, қауіпсіз техникалар мен техно

Сот ортақ пайдалану орынын ластағаны үшін әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

06/04/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты азамат М-ға қатысты әкімшлік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат М. ұсақ бұзақылық жасаған, яғни жерге темекі тұқылын тастап, ортақ пайдалану орынын ластаған.

Сот қаулысымен азамат М. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  7 АЕК мөлшерінде айыппұлды өндіріп алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу

06/04/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жалған банкноттары мен монеталарын, мемлекеттiк бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа да бағалы қағаздарды не шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы

06/04/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 244-бабына сәйкес азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларацияны табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға табыстар немесе шығыстар туралы не салық салуға жататын мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл іс-әрекет ірі мөлшердегі салықты

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылық

06/04/2016

Ақмола облысы Жақсы аудандық соты азамат Г-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, азамат Г. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, осы іс-әрекетімен жол қозғалысына қауіп төндіргені анықталды.