Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жалған банкноттары мен монеталарын, мемлекеттiк бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа да бағалы қағаздарды не шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; бiрнеше рет; iрi мөлшерде; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы алып өтіп жасалған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкi тәркiленiп, 5 жылдан 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы іс-әрекеттерді қылмыстық топ жасаса – мүлкi тәркiленiп, 8 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі