Архив событий

12/04/2016

Тараптардың татуласуына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату

12/04/2016

2016 жылдың бірінші тоқсанында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 850 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қаралды, оның ішінде құқық бұзушының жәбiрленушiмен татуласыуна байланысты 5 әкімшілік іс тоқтатылды.

Сот қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

12/04/2016

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат С. алкогольдік масаң күйде қоғамдық орында бола тұра, темекі тұқылын тастаған. Осы әрекетімен ол ортақ пайдалану орынын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген.

Азаматтардың кәсiпкерлiк қызметi

12/04/2016

Азаматтар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексте және өзге заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқылы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 19-бабына сәйкес дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде есепке қоюды білдіреді.

Судья лауазымына тағылымдамадан өту үшін кандидат бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз!

12/04/2016

Сот беделін көтеру, олардың жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету және тағлымдамадан өту үшін бос орындарды иеленуге үміткер тұлғалардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін неғұрлым терең зерттеп білу мақсатында облыс азаматтары мен тұрғындарын Целиноград аудандық соты кеңсесінің бас маманы Сания Нұрғалиқызы Қойлыбаеваның кандидатурасына қатысты пікірлеріңізді Ақмола облыстық сотына 2016 жылдың 25 сәуіріне дейін жолдауларыңызды сұраймыз.

Қажеттi қорғану

12/04/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғанудың шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексте көзделген іс-әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмай

Сот адамныңденсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жаза тағайындады

12/04/2016

 Ақмола облысы Астрахан аудандық соты азаматша Ш-ға қатысты   қылмыстық іс қарады.

Сотта, азаматша Ш.  жанжал үстінде  өз танысына  пышақпен соққы беріп, оның денсаулығына ауыр  зиян  келтіргенін анықталды.

Қашықтықтан жұмыс істеу

12/04/2016

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 138-бабына сәйкес, қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

12/04/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты азамат К-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша ер адам Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер

12/04/2016

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 137-бабына сәйкес, жұмыс берушімен жұмысты өз материалдарымен және өзінің немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдалана отырып, үйде жеке еңбегімен орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер деп есептеледі.

Ақкөл ауданының тұрғыны есірткі заттарды иемдегені және сақтағаны үшін кінәлі деп танылды

12/04/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат К. есірткі затын гаражда заңсыз өткізу мақсатынсыз, жеке пайдалануына сақтағаны анықталған.

Уйді тінту барысында азамат К. өз еркімен полиция қызметкерлеріне

кептірілген марихуананы ұсынды.

Азамат К-ны тінту барысында пайдаланылған шприцтер мен күмәнді заты бар құты табылған.

Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

12/04/2016

Бұланды аудандық соты ауылдың екі тұрғындарына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен, ер азаматтар шаруа қожалығының қоймасынан 20 қап арпаны ұрлап, 35000 теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені анықталды.

Сот отырысында, сотталушылар жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды толық өтегеніне және олардың бір-біріне наразылығы жоқ екеніне байланысты, сотталушылардан және жәбірленушіден қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш түсті.

Апелляциялық сот алқасы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды

12/04/2016

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 291-бабының 1-бөлігімен («Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру») сотталған азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот, Ақкөл аудандық сотының үкімімен бұрын сотталған азамат К. тегіс ұңғылы қаруды, үш оқ, және травматикалық газдық мылтықты, метал сейфты сындырып, азамат В-ның үйінен ұрлап кеткені үшін кінәлі деп танылғанын анқытады.