Көкшетау қалалық сотында ...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

    Көкшетау қалалық сотында негізсіз байыту сомасын өндіріп алу туралы бес жауапкерге «Г.»-ның талап қоюы бойынша азаматтық іс  медиация тәртібімен тоқтатылды.Тараптар, медиатор судьяның көмегімен бір-біріне өзара жеңілдіктер негізінде медиативтік келісім жасасты. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты сақтау  қажет болғанда және екі жаққа  ыңғайлы фактор болған кезде сотта тараптардың татуласуы өте  тиімді.

   «Н.»-ға қатысты Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық)  қылмыстық іс қаралды.Қылмыстық іс сотталушымен кінәсін мойындау туралы процестік келісіммен сотқа түсті.Сот үкімімен «Н.» кінәлі деп танылып, оған 100 сағатқа мәжбүрлеп жұмыс істеу пробациялық бақылау орнатумен,1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу тағайындалды. Сот жазаны тағайындауда жеңілдететін мән-жай ретінде, оның шын жүректен өкінуін, соттылығының болмауын, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың болмауын  есепке алды.  

   ҚК-нің 190-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша «П.»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (алаяқтық). Сот үкімімен «П.»  жәбірленуші «Л.» - ның 2 000 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген. Сотпен «П.»-ға 500 сағатқа қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды. Жәбірленуші «Л.»-ның талабы қанағаттандырылды, сотталған «П.» - дан келтірілген залал сомасы өндірілді.

   Азаматша «М.»-ның  «К.»-ға  батареяның жарылуынан, пәтерді суға батыру салдары негізінде келтірілген залалды өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша, медиация тәртібімен  іс жүргізу тоқтатылды.Тараптар  медиатор судьяның көмегімен бір-біріне өзара жеңілдіктер негізінде, өзара тиімді шарттарда медиативтік келісім жасасты. Дау шешілді, көршілер арасындағы қарым-қатынас сақталды.

   Көкшетау қалалық сотының   шешімімен екінші рет заңсыз жұмыстан босатылған талап қоюшының құқығы қорғалды. 2023 жылғы 14 желтоқсандағы шешіміне сәйкес «А.» ЖШС-нің директоры қызметіне қайта тағайындалды. Сот шешімін орындау үшін жауапкер талап қоюшыға өндірілген сомаларды төлеп,  жұмысқа қалпына келтіру туралы бұйрық шығарды және сол күні бұйрықпен жұмыстан босатты.Сот шешімімен талап қоюшының жұмыстан босату туралы бұйрығының күші жойылды.
 
   190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша (алаяқтық), 188-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармақтары (ірі мөлшерде жасырын түрде ұрлау) бойынша «Н.»-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.«Н.»-ға 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру тағайындады. Жәбіренушілердің азаматтық талаптары  қанағаттандырылды.

 

 

Источник: 
Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты