семинар

Ақмола облыстық сотының судьялары бейнебайланыс арқылы семинар сабағына қатысып, медиацияны жүргізу бойынша тәжірибе алмасты

10/12/2016

Ақмола облыстық сотының судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылған семинар сабағына қатысты. Семинар «Даулардың кейбір санаттары бойынша міндетті түрде медиацианы енгізу» тақырыбында пилоттық жобаның іске асуының аясында оставкадағы судья – герман сарапшы М.Штендердің қатысуымен өткізілді. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пилоттық жобаның іске қосылуы көзделіп отыр.

Ақмола облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы ата-аналар конференциясына қатысты

04/11/2016

Ақмола облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы А.Жұматова «Отбасы тәрбие факторы ретінде»  тақырыбында ата-аналар конференциясына қатысты. 

Есіл аудандық соты «Медиация күні» республикалық акциясының аясында Есіл ауданының әкімі аппаратымен бірлесіп семинар өткізді

10/08/2016

Есіл аудандық соты «Медиация күні» республикалық акциясының аясында Есіл ауданының әкімі аппаратымен бірлесіп «Есіл ауданында медиацияны дамыту» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А.Жұмабекова, отставкадағы судья Б.Сальдина, аудандық әкімдіктің, прокуратураның, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, заң кеңсесінің адвокаттары, нотариустар, селолық округтердің әкімдері, кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының нормаларын сақтау жөнінде семинар өткізді

29/07/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау жөнінде семинар өткізді.

Семинар жұмысына ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің  бас маманы А.Кульсимаков және сот мамандары қатысты.

А.Кульсимаков «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау» тақырыбында сөз сөйледі.

Ақмола облыстық соты қылмыстық істерді қарайтын судьялар үшін семинар өткізді

15/06/2016

Ақмола облыстық соты облыс судьялары үшін қылмыстық істерді қарау бойынша сот практикасы, Қылмыстық процестік кодекстің нормаларын тергеу судьяларымен қолдану практикасы, қылмыстық процестегі азаматтық талап арыздар сұрақтары және сот ісін жүргізу тілін талқылау бойынша семинар өткізді.

Ақмола облыстық соты семинар сабақ өткізеді

09/06/2016

2016 жылдың 10 маусымда сағат 15.00-де Ақмола облыстық соты қылмыстық істерді қараудың сот практикасы, Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің нормаларын тергеу судьяларымен қолданылуы, қылмыстық процестегі азаматтық талап арызды және сот ісін жүргізу тілі сұрақтарын талқылау бойынша қылмыстық істерді  қарайтын облыс судьяларына арналған семинар сабақ өткізеді.

Ақмола облыстық соты азаматтық істерді қарайтын облыс судьяларына семинар өткізді

08/06/2016

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов азаматтық істерді қарайтын облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттарының судьяларына азаматтық істер бойынша сот актілерінің сапасы туралы  семинар  өткізді.

Семинар жұмысын аша отыра Е.Жанәділов, семинар жұмысы практикалық білімін және талап қою ісін жүргізудегі азаматтық істер бойынша сот шешімдерін құрастырудың дағдыларын бекітеді деп атап өтті.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты семинар өткізді

07/04/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты біліктілігін арттыру курсын өту қорытындысын талқылау бойынша сот кеңсесінің мамандары және  сот отырысы хатшыларының бас мамандары үшін семинар өткізді. 

Сот отырысының хатшысы Ж.Әбдина сот мамандарын тағылымдамадан өту бағдарламасымен таныстырып, «Адам құқығы», «Сот төрелігінің Конституциялық негіздері», «Іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу», «Іскерлік тіл мәдениеті», «Мемлекеттік қызметтің реформасы» тақырыптарына сөз сөйледі.

Жақсы аудандық соты семинар сабақ өткізді

29/03/2016

Жақсы аудандық соты сот отырысының хатшылары мен кеңсе мамандарына «Төрелік» бағдарламасы арқылы шығыс құжаттарды қалыптастыру мен жолдау» тақырыбына семинар өткізді.

Семинарда бас маман – сот отырысының хатшысы Қ.Қазизова шығыс құжаттарды қалыптастыру және «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесін қолдану сұрақтары  бойынша сөз сөйледі.

Өзінің баяндамасында Қ.Казизова Ереженің негізгі қағидалары жөнінде және шығыс құжаттарды қалыптастыру тәртібі туралы айтты.

Ақмола облыстық соты семинар сабақ өткізеді

17/03/2016

2016 жылдың 18 наурызында сағат 15.00-де Ақмола облыстық соты қылмыстық істер бойынша сот актілерінің сапасы туралы қылмыстық істерді қарайтын  облыс судьяларына арналған семинар сабақ өткізеді.

Беттер