Медиация

Ақмола облысы соттарында азаматтық және қылмыстық істер медиацияны қолданумен қаралды

19/04/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында азаматтық және қылмыстық істерді қарауда медиация институты белсенді қолданылып келеді.

Мысалы, медативтік келісім жасауымен Бурабай аудандық сотында жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiрген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында медиацияны қолданумен айыпты өндiрiп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Ақмола облыстық сотының судьялары бейнебайланыс арқылы семинар сабағына қатысып, медиацияны жүргізу бойынша тәжірибе алмасты

10/12/2016

Ақмола облыстық сотының судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылған семинар сабағына қатысты. Семинар «Даулардың кейбір санаттары бойынша міндетті түрде медиацианы енгізу» тақырыбында пилоттық жобаның іске асуының аясында оставкадағы судья – герман сарапшы М.Штендердің қатысуымен өткізілді. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пилоттық жобаның іске қосылуы көзделіп отыр.

Есіл аудандық соты медиацияны дамытудың сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізді

18/11/2016

Есильский районный суд провел круглый стол в кабинете медиации в здании Есильского районного акимата по вопросам развития медиации.

В работе круглого стола приняли участие судья районного суда, судья в  отставке, представители акимата, маслихата, отдела социальной защиты населения, акимы сельских и поселковых округов района и профессиональный медиатор.

Есіл аудандық соты «Медиация күні» республикалық акциясының аясында Есіл ауданының әкімі аппаратымен бірлесіп семинар өткізді

10/08/2016

Есіл аудандық соты «Медиация күні» республикалық акциясының аясында Есіл ауданының әкімі аппаратымен бірлесіп «Есіл ауданында медиацияны дамыту» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А.Жұмабекова, отставкадағы судья Б.Сальдина, аудандық әкімдіктің, прокуратураның, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, заң кеңсесінің адвокаттары, нотариустар, селолық округтердің әкімдері, кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Целиноград аудандық соты медиация институтын дамыту сұрақтары бойынша жергілікті әкімдікпен кездесу өткізді

29/06/2016

Целиноград аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Ж.Теміров медиация институтын қолдану мен дамыту бойынша  Целиноград ауданының  әкімі аппаратының заң  бөлімінің қызметкері А.Салыбековамен  бірлесіп аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

Іс шараға ауылдық округ әкімдері, аудандық маслихат депутаттары, аудан әкімі аппаратының өкілдері, ақсақалдар кеңесі және ауыл тұрғындары қатысты.

Медиативтік келісімге келуіне байланысты сот қылмыстық іс бойынша сот өндірісін қысқартты

10/12/2015

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты көлікті айдап әкету бойынша айыпталған азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат  С. алкогольдік масаң күйінде автокөліктің иесі көліктің есігін ашық қалдырғандығын және от алдыру кілтін пайдалана отырып, автокөлікті айдап әкеткен. Сот отырысында, келтірілген зиянды өтегендігі және татуласқандығы жөнінде істі қысқарту туралы жәбірленушіден өтінішхат ұсынылды.

Сот медиацияны қолданумен қылмыстық іс қарады

10/09/2015

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат Н-ның Отрадное ауылы тұрғынынан құрылыс материалдары -тақтайды ұрлағаны анықталды.

Сотқа айыпталушы мен жәбірленушіден медиация тәртібімен бiтiмгершілікке келуiне байланысты қылмыстық iстi тоқтату туралы өтінішхаттар түсті.