Ақмола облысы соттарында азаматтық және қылмыстық істер медиацияны қолданумен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында азаматтық және қылмыстық істерді қарауда медиация институты белсенді қолданылып келеді.

Мысалы, медативтік келісім жасауымен Бурабай аудандық сотында жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiрген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында медиацияны қолданумен айыпты өндiрiп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Зеренді аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасаған азаматқа қатысты әкімшілік іс пен алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкелікті тану туралы, кәмелетке толмаған балаларды күтіп бағуға алименттерді өндіріп алу, алименттердің мөлшерін өзгерту, ата-аналар құқығынан айыру, балалардың тұрғылықты жерін анықтау, баласымен араласу тәртібін анықтау туралы азаматтық істер қаралды. Оның ішінде 4 азаматтық істер Пилоттық жоба аясында қаралды.

Қаралған істер бойынша медиативтік келісімдер кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен жасалды.

Содан басқа, Ерейментау аудандық сотында татуласу келісімін жасауымен қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі