Архив событий

10/04/2017

Ақмола облысының судьялары ең жоғарғы судьялық марапаты - «Үш би» төсбелгісінің иегері атанды

10/04/2017

«Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы филиалының конференциясында судьяларға «Үш би» төсбелгісі табыс етілді.

Ақмола облыстық сотының судьялары Мүсетов Қайыргелді Ахметұлы, Шойынбекова Алтын Ерғалиқызы және Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотының судьясы Жұмақаев Төлебек Қайрошұлы еліміздің ең жоғарғы судьялық марапаты – «Үш би» төсбелгісінің иегері атанды.

Сот жеке кәсіпкерге құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізгені туралы уәкілетті органдарға хабарламағаны үшін айыппұл тағайындады

10/04/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізілуінің басталуы туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүргізетін органдарға хабарламағаны үшін жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер жол бойындағы дәмхананың құрылыстары бойынша, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүргізетін органдарға алдын-ала хабарламай, құрылыс-құрастыру жұмыстардың жүргізілуін бастаған.

Ақмола облысы сот жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрамына кірді

10/04/2017

«Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы филиалының конференциясында филиал төрағасы Бауыржан Баймырзин республикалық судьялар бірлестігінің қатарына кірген сот жүйесінің қызметкерлерін құттықтады.

Судьялар одағының Жарғысына сәйкес, судьялармен қатар одақ мүшесі болып, сот төрелігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге жағдай жасайтын соттардың қызметкерлері де кіре алады.