Архив событий

04/04/2017

Сот некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітті

04/04/2017

Ақмола облысы Аршалы аудандық сотында медиативтік келісім жасаумен некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта, ерлі-зайыптылар кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиативтік келісім жасады. Келісім бойынша жұбайы зайыбымен бірлесіп жаң-ұяның өмірін жалғастырады, зайыбын құрметтейді және түсіністікпен қарап, жаң-ұясына көніл бөледі. Ал зайыбы талап арыздан бас тартады.

Сот ұйғарымымен ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты жанжалды реттеу туралы медиативтік келісім бекітілді.

Аршалы аудандық сотының төрағасы БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді

04/04/2017

Ақмола облысы Аршалы аудандық сотының төрағасы Б. Нұрмағамбетов жергілікті БАҚ өкілдері үшін сот жүйесінің ашықтығы және соттарда татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері бойынша брифинг өткізді.

Брифингте «Вперед» және «Аршалы айнасы» газеттерінің өкілдері А.Цыганова мен М.Мырзатханқызы қатысты.

Сот төрағасы журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды

04/04/2017

Ақмола облысы Степногорск қалалық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін азамат О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат О. сот отырысына қатысу үшін соттың ғимаратына алкогольдік масаң күйде келген. Осы әрекетімен азамат О. сотқа құрметтемеушілік көрсетті.