Архив событий

07/04/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы 2017 жылдың 1 тоқсаны жұмыс қорытындысы бойынша судьялардың кеңесін өткізді

07/04/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, Соттар әкімшісінің басшысы, орынбасары, құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қатысуымен облыс судьяларының кеңейтілген жалпы отырысын өткізді.

Кеңесте 2017 жылдың бірінші тоқсаны ішінде істерді қарауда заңдылықтың сақталуы және соттардың жұмысын одан әрі жетілдіру сұрақтары талқыланды.

Пікір білдіріңіздер!

07/04/2017

Жариялылықты қамтамасыз ету және кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін терең зерттеп білу мақсатында, судьялыққа тағлымдамадан өту үшін бос орындарға жариялаған конкурсқа Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Республикалық мемлекеттік мекемесінің заң бөлімінің басшысы Нұрлыбек Болатұлы Жұмажановтың кандидатурасы облыс тұрғындары назарына ұсынылады.

Соттар әкімшісінің басшысы кеңсе меңгерушілерімен кеңес өткізді

07/04/2017

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сарымсақов облыс соттардың кеңсе меңгерушілерімен 2017 жылғы 1-тоқсанның жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Қ.Жоламанова, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен талдау және жоспарлау бөлімінің мамандары қатысты.