Архив событий

05/04/2017

Ерейментау аудандық сотында медиацияны қолданумен некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды

05/04/2017

Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотына азаматша Р. азамат А-ға некені бұзу туралы талап арызымен  жүгінді.

Сотта, тараптар кәсіби медиатордың қатысуымен медиативтік келісімді келесі шарттар негізінде жасады: азамат А-ға қатысты азаматша Р. талап арызынан бас тартып, ерлі-зайыптылар татуласып, отбасын сақтауға шешті, бір-біріне және  балаларына қамқорлық жасап, бір-біріне талабы жоқ екенін көрсетті.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді, некені бұзу туралы азаматтық іс өндіріспен тоқтатылды.   

 

Есіл аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасаған 15 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды

05/04/2017

2017 жылдың 1-ші тоқсаны ішінде Ақмола облысы Есіл аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған азаматтарға қатысты 15 әкімшілік істер қаралды.

Сот анықтағандай, Есіл ауданының 15 тұрғыны келесі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған: ортақ пайдалану орындарын ластау, белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу. Осы әрекеттерімен, 15 азамат  ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот алиментті өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітті

05/04/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында алиментті өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта, бұрыңғы ерлі-зайыптылар келесі шарттар негізінде медиативтік келісімді жасады: жұбайы ай сайын алиментті төлеуге міндеттенді, ал талапкер алиментті өндіріп алу туралы талап арыздан бас тартты.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді, алиментті өндіріп алу туралы азаматтық іс өндіріспен тоқтатылды.