жаза тағайындады

Сот есірткі заттарды сақтағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

21/06/2016

Аршалы аудандық соты азамат Қ-ға қатысты қылмыстық іс қарады.  

Сотпен, полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық шаралар жүргізу кезінде азамат Қ-ны тексеру барысында кеудешесінің  оң жақ қалтасынан оралған қағаз түйіншегінде салмағы 1,0169 грамм заңсыз сақтаған «кептірілген марихуанна» табылғаны анықталды.         

Сот үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруымен айыппұл түрінде жаза тағайындады

14/06/2016

Бұланды аудандық соты азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен, азамат Р. көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде мотоциклді басқарған және жол полиция қызметкерімен ұсталынып, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Р. орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Сот әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

10/06/2016

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, азамат К. Егіндікөл ауылында қоғамдық орында бола тұра, темекі тұқылын тастағаны анықталған. Осылайша ол айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, қоғамдық орынды ластаған.

Сот адам өлтіргені үшін он жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

31/05/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Щучинск қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады. Сотпен, азамат Ф-мен азамат Н-ның спирттік ішімдік ішу барысындағы, шыққан жанжал, төбелеске ұласқаны анықталды. Азамат Ф. алкогольдік масаң күйде азамат Н-ның кеудесіне ас пышағымен соққы салған. Нәтижесінде, ер адам пышақ жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған. Сот үкімімен азамат Ф.

Сот 5 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

24/05/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты Монғолия  Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Монғолия азаматы Қазақстан Республикасы аумағына келіп, ішкі істер органдарында тіркеуге тұрғанда  мекен-жай көрсеткенімен, оны кейіннен ауыстырып,  мекен-жайы өзгергені туралы ішкі істер органдарына хабарламаған. Осы әрекетімен Монғолия азаматы көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары талаптарын бұзған.

Сот адам өлтіргені үшін тоғыз жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

18/05/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  азаматша Ф-ға қатысты адам өлтіргені үшін  айыптау бойынша қылмыстық іс қарады.

Сотпен,  азаматша Ф.  алкогольдік масаң күйде, жанжал барысында азаматша Х-ға   пышақпен бірнеше рет соққы жасағаны анықталған. Алған дене жарақат салдарынан  азаматша Х.  қылмыс болған жерде  қайтыс болды.