Сот үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруымен айыппұл түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұланды аудандық соты азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен, азамат Р. көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде мотоциклді басқарған және жол полиция қызметкерімен ұсталынып, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Р. орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Сот үкімімен азамат Р. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған үш жылға автокөлік құралын басқару құқығынан айырумен, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі