Архив событий

24/06/2016

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс өткізді

24/06/2016

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов мемлекеттік қызметші күніне арналған сот жүйесінің қызметкерлері үшін салтанатты жиналыс өткізді.

Салтанатты іс-шарада Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Үкібаев қатысты.

Алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылық

24/06/2016

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Ақмола облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының Бұланды ауданының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы, автомобилдік жолдар және тұрғын үй инспекциясы бөліміне және «ЖилСтройСервис-98» ЖШС-не мемлекеттік сатып алу туралы келісімді жарамсыз деп тану бойынша талап арызы жөнінде азаматтық іс қарады.

Ақкөл аудандық соты былапыт сөйлеген азаматқа қатысты әкімшілік іс қарады

24/06/2016

Ақкөл аудандық соты азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Қ. өз үйінде тұрмыстық ұрыс-керістің барысында  жұбайына былапыт сөйлегені анықталды. Осы әрекетімен, азамат Қ. сыйламаушылық білдіріп, жұбайының тыныштығын бұзған.  

Ақмола облысының судьялары қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізілген дәріс сабағына қатысты

24/06/2016

Ақмола облысы соттарының азаматтық істерді қарайтын судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қашықтықтан оқыту тәртібінде ұйымдастырылған дәріс сабағына қатысты.

Дәріс сабағын  «Азаматтық процестік кодексін қолдану тәжірибесі»  тақырыбында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы  Ұ.Сүлейменова онлайн режимде өткізді.

Тәжікстан Республикасының екі азаматы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған

24/06/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты Тәжікстан Республикасының екі азаматына қатысты  әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қарады.

Сот анықтағандай, Тәжікстан Республикасының екі ағайындылары  2016 жылдың 28 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына  келіп, Жарқайың ауданының ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясында 2016 жылдың 15 маусымына дейін  тіркелген.

Тексеру кезінде тіркеу туралы жеке өтініште көрсетілген мекен-жайда аталған тұлғалар тұрмай,  басқа мекен-жайда тұрғаны анықталған.

Сот қаруды тәркілеумен әкімшілік айыппұл тағайындады

24/06/2016

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, Ерейментау АІІБ-нің қызметкерлерімен азамат К-ның үйінен тегіс ұңғылы қару табылып алынған, ол оны өз үйінде сақтауға тиісті құқығы болмай тұра сақтаған.

Сот шешімін орындамағаны үшін 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберумен айыппұл тағайындалды

24/06/2016

Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының қаулысымен Молдова Республикасының азаматы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталып, оған Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберумен, бес тәулік мерзімге  қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалған.

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты 2016 жылдың I жартыжылдығында 61 әкімшілік істер қарады

24/06/2016

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты 2016 жылдың I жартыжылдығында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) құқықбұзушыларға қатысты  61 әкімшілік істер қарады.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес құқық бұзушылар  алкогольдік жеңіл дәрежедегі масаң немесе  нашақорлық күйде болғаны анықталған.