Сот шешімін орындамағаны үшін 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберумен айыппұл тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының қаулысымен Молдова Республикасының азаматы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталып, оған Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберумен, бес тәулік мерзімге  қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалған.

Сот қаулысын орындау мақсатында Атбасар ауданы ішкі істер бөлімінің миграциялық полициясы Молдова Республикасының азаматына жол жүру билетін сатып алып, оны Атбасар станциясынан  №3 вагонына отырғызған.

Алайда, Молдова Республикасының азаматы Қостанай облысы Таран ауданының Тобыл станциясында поездан түсіп, Атбасар қаласына қайта оралған. Осы әрекетімен Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысы орындалмаған.

Сот үкімімен Молдова Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 393-бабымен («Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау») қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберумен 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі