Архив событий

20/06/2016

Жалған айғақ бергені үшін «күзетпен қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді

20/06/2016

Ақкөл аудандық соты Ақкөл АІІБ-і ТБ-і тергеушісінің күдікті азаматша З-ға қатысты «күзетпен қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхатын қарады.

Ақмола облысының судьялары қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізген дәріс сабағына қатысты

20/06/2016

Ақмола облысы соттарының судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қашықтықтан оқыту тәртібінде ұйымдастырылған дәріс сабағына қатысты.

Дәріс сабағын  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың сот тәжірибесі»  тақырыбында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы А.Қыдырбаева онлайн режимде өткізді.

Сот банктік несие бойынша берешекті өндіру туралы талап арызын қанағаттандырды

20/06/2016

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты жауапкерден банктік несие бойынша берешекті өндіру туралы «Қазақстан Халық жинақтаушы Банкі» АҚ-ның  талап арызы бойынша  азаматтық іс қарады.

Сотта, «Қазақстан Халық жинақтаушы Банкі» АҚ-мен жауапкер арасында тұтынушылық мақсат үшін несие келісімшарты жасалғаны анықталды. Алайда, банк жауапкердің несиені төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамағандықтан берешек соманы өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.