Архив событий

23/06/2016

Егіндікөл аудандық соты 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

23/06/2016

Егіндікөл аудандық соты азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен,  азамат  С.  Егіндікөл ауылында  есірткілік масаң күйде  бола тұра, автокөлік құралын басқарып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылғаны анықталды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат С. есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.