Архив событий

28/06/2016

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

28/06/2016

Сіздерді Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі  күнімен құттықтаймын!

Бұқаралық ақпарат құралдары өмірдің, мемлекеттің дамуына тікелей әсер ететін адамдардың сана-сезімін қалыптастыру, демократиялық ұстанымдарын нығайту, республикадағы азаматтық қоғамның қалыптасу, елдің халықаралық бірлігін нығайту көзі  болып табылады.

Сот мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп таныды

28/06/2016

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Ақмола облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының Бұланды ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобилді жолдар бөлімі мен тұрғын үй инспекциясына және «ЖилСтройСервис-98» ЖШС-не мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот он бес тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады

28/06/2016

Ақмола облысы Жақсы аудандық соты алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Р. әкімшілік жазаға тартылған мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарған.

Сот ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұл салу түрінде әкімшілік жаза тағайындады

28/06/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.     

Сотта, азаматша А. өзінің кәмелетке толмаған екі баласын тәрбилеу және оқыту жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамайтыны, балалар мектепте сабаққа қатыспайтыны, әйелдің алдын алу шаралары бойынша өткізілетін әңгімелерге назар аудармағаны анықталды.

Ақмола облыстық соты Ашық есік күнін өткізеді

28/06/2016

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Ақмола облыстық соты 2016 жылдың 29 маусымында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

28/06/2016

2016 жылдың 29 маусымында сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Ақмола облыстық сотының төрағасы Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлы сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін интернет-конференция өткізеді.

Сот тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының нұсқамасын орындамағаны үшін айыппұл өңдірді

28/06/2016

Есіл аудандық соты жеке кәсіпкерге  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азаматша Л. Есіл ауданының тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасынан берілген өнімге жөнелтпе-тауар құжаттарын тапсыруы туралы нұсқамасын орындамағаны анықталды. Осы әрекетімен, азаматша Л.  Кеден Одағының Регламентінің техникалық талаптарын бұзған, атап айтқанда өнімге жарамсыз сынама нұсқамасын орындамай, жөнелтпе-тауар құжаттарын ұсынбаған.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бір тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады

28/06/2016

Жарқайың аудандық соты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат Л-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Л. қоғамдық орында Ұлы Отан Соғысының мемориалдық ескерткіштің жанында болып,  бөтен адамдардың алдында, кәмелетке толмаған К-ға қатысты былапыт сөйлеп, оған сыйламаушылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзған.