Архив событий

16/06/2016

Өзбекстан Республикасының азаматтарын 2 тәулікке қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды

16/06/2016

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты Өзбекстан Республикасының 7 азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасына 25 мамырда келіп, Бұланды ауданында тіркелген, ал Еңбекшілдер ауданында тұрып қызмет еткен. Осыған байланысты Өзбекстан Республикасының азаматтары тіркеуде көрсетілген мекен-жайда тұрмай, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған. 

Сот ЖШС-і директорының ар-намысы,қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау және моральдық шығынды өтеу туралы талап арызын ішінара қанағаттандырды

16/06/2016

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты ар-намысы,қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау және моральдық шығынды өтеу туралы ЖШС-і директорының азаматша К-ға қатысты талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, азаматша К-ның «Ж» ЖШС-нің алдында борыш міндеттемесі болғаны анықталды. Борыш міндетінен жалтару мақсатымен азаматша К. ЖШС директорының абырой-беделіне кір келтіретін заңсыз қаржылық айлы-амалдар жасады, кіріс және басқа салықтарды төлеуден жалтарды деп жалған ақпарат таратып, прокуратураға шағым жолдаған.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырумен 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

16/06/2016

Жақсы аудандық соты азамат Қ-ға қатысты Жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеті үшін,  айыптау бойынша қылмыстық іс қарады.

Сотпен, азамат Қ. тартқыш пен жартылай тіркемесінің құрамындағы автопоезды басқарып,  Екатеринбург-Алматы тас жолында қарсы бағыттағы жолға шығып жеңіл автокөлікпен соқтығысқаны анықталды. Нәтижесінде, автокөлік жүргізушісі алған дене жарақаттарынан оқиға болған жерде қайтыс болды.

Сот атқару құжаты мен сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

16/06/2016

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты атқару құжаты мен сот актісін орындамағаны үшін азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімі бойынша азамат К-ның пайдасына 476 386 теңге көлемінде материалдық зиянды, бағалауға жұмсалған шығынды және мемлекеттік бажды төлеуге міндеттенген. Алайда сот шешімі заңды күшіне енген мерзімнен қазіргі уақытқа дейін атқару құжатының талаптары орындалмаған.  

Көкшетау қалалық соты дөңгелек үстел өткізеді

16/06/2016
2016 жылдың 24 маусымында сағат 11.00-де Көкшетау қалалық соты айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау сұрақтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстелге Көкшетау қалалық прокуратура,  Әділет департаменті, Ақмола облысы бойынша жеке сот орындаушылар Палатасының өкілдері шақырылды.