Архив событий

14/06/2016

Ақмола облыстық сотының жалпы отырысында жұмыс сұрақтары талқыланып, жас судьялармен тәлімгерлік жұмысының қорытындысы шығарылды

14/06/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов облыстық соттың жалпы отырысын өткізді.

Жалпы отырыста еңбек тәртібін күшейту, сот ғимаратында өткізу режимін сақтау және Ақтөбе қаласындағы террористік әрекет бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың үндеуіне байланысты соттардың ғимараттарына кіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды.

Сот үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруымен айыппұл түрінде жаза тағайындады

14/06/2016

Бұланды аудандық соты азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен, азамат Р. көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде мотоциклді басқарған және жол полиция қызметкерімен ұсталынып, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Р. орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Сот 15 тәулікке қамаққа алу және 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады

14/06/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат О-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат О-ға әкімшілік жаза қолдану мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарғаны анықталды.

Адам өлтіргені үшін 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

14/06/2016

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, әйел спиртік ішімдіктерді азамат Б-мен ішкенінен кейін масаң күйде болғандықтан, ер азаматтың ар-намысы мен абыройын қорлап, ер азаматқа тіл тигізді. Қорланған ер азамат, қарсылық көрсете алмаған әйелдің егде жасына қарамай, кеудесіне пышақпен соққы жасап,  қылмыс болған орнынан жасырынды. Алған пышақ жарақатының нәтижесінде әйел қайтыс болды.

Сот шешімімен оқуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу туралы талап арыз қанағаттандырылды

14/06/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты Жарқайың ауданының жұмыспен қамту орталығының азамат С-дан оқытуға жұмсалған материалдық көмек және көрсетілген қызмет көлемінің бағасын өндіріп алу туралы талап арызын қарады.

Сот анықтағандай, жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен «Автокөлік кранының жүргізушісі» мамандығына оқыту бойынша азамат С-мен келісім-шарт жасаған. Алайда азамат С. сабақты себепсіз босатып, әлеуметтік келісім-шарт талаптарын бұзғаны үшін білім мекемесінен шығарылды.

Ерлі зайыптылардың арасында татуласу келісімі бекітілді

14/06/2016

Еңбекшілдер аудандық соты азаматша К-ның бұрынғы жұбайынан алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс қарады.

Сотта тараптар  татуласу келісімін бекітті. Азаматша К. өзінің талап арызынан бас тартты, ал жауапкер бала үш жасқа толғанына дейін, ай сайын бұрыңғы зайыбын асырау үшін алимент төлеуге міндеттенді. Татуласу келісімінің шарттары тараптардың, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды және заңға қайшы келмейді.

Сот ұйғарымымен бұрыңғы ерлі зайыптылар арасында татуласу келісім бекітілді.

Сот 2 жылға автокөлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындады

14/06/2016

Еңбекшілдер аудандық соты азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, азамат Б. алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарғаны және полиция қызметкерлерімен тоқтатылғаны анықталды. Азамат Б. полиция қызметкерінің алкогольдік масаң күйін куәландырудан өткізу туралы талабынан бас тартты. Осы әрекетімен, азамат Б. Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 1-тармағының 4-тармақшасын бұзған.

Сот наркологиялық ауырухананың үш емделушісін қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды

14/06/2016

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты Селеті ауылының наркологиялық ауыруханасының үш емделушісіне қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, үш ер азаматтың Селеті ауылы наркологиялық ауыруханасында,  маскүнемдіктен мәжбүрлеу түрінде емделу кезінде, емдеу мекемесінің ауласында есірткі заты-марихуананы тартқаны анықталды.