Архив событий

21/06/2016

«Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді

21/06/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Алаяқтық») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған азамат Т-ға қатысты  «Күзетпен ұстау» түрінде бұлтартпау шарасына санкция беру туралы Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімі тергеушісінің өтінішхатын қарады.

Сот есірткі заттарды сақтағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

21/06/2016

Аршалы аудандық соты азамат Қ-ға қатысты қылмыстық іс қарады.  

Сотпен, полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық шаралар жүргізу кезінде азамат Қ-ны тексеру барысында кеудешесінің  оң жақ қалтасынан оралған қағаз түйіншегінде салмағы 1,0169 грамм заңсыз сақтаған «кептірілген марихуанна» табылғаны анықталды.         

Сот ер адамға алкогольдік масаң күйде скутерді басқарғаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

21/06/2016

Жарқайын аудандық соты азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат С. көлік құралын жүргізу құқығы болмай, Державинск қаласында   алкогольдік масаң күйде скутерді басқарған. Осы әрекетімен ер азамат Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы қағидаларының талаптарын бұзған.

Сот үш жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады

21/06/2016

Қорғалжын аудандық соты азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ш. Қорғалжын поселкісінде алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Ш. жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Осы әрекетімен, азамат Ш.  Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы қағидаларының  талаптарын бұзған.