Архив событий

07/06/2016

Татуласу келісімі бекітілді

07/06/2016

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты азаматша У-ны сатып алу-сату мәмілесін жасауға мәжбірлеу жөнінде азаматша Ж-ның талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, талапкер жауапкердің пәтерін сатып алып, оған қолхат арқылы қаражатты берген. Жауапкер құжаттарды толық ресімдегеннен кейін сатып алу-сату мәмілесін ресімдеуге сөз берген. Алайда осы күнге дейін сатып алу-сату мәмілесін ресімдеуден бас тартып жүр.

Бурабай ауданында медиация кабинеті ашылды

07/06/2016

Бурабай ауданында «Нұр Отан» ХДП ғимаратында медиация кабинеті ашылды.

Медиация кабинетінің  ашылу салтанатына аудандық соттың судьялары, кәсіби медиатор В.Белецкий, отставкадағы судья Н.Водянова,  «Нұр Отан» ХДП филиалы және БАҚ өкілдері қатысты.

Медиация кабинетінің ашу кезінде Бурабай аудандық сотының судьясы Ә.Әбимұратова, медиация орталығының негізгі мақсаты «Медиация туралы» Заңның ережелерін азаматтарға жеткізу болып табылады және соттан тыс дауларды шешудің артықшылығы жөнінде атап өтті. 

Тараптардың арасында партисипативтік рәсімі тәртібімен келісім жасауына байланысты азаматтық іс өндіріспен тоқтатылды

07/06/2016

Атбасар аудандық соты азаматша Х-ның азамат Ш-ға бірлескен ортақ мүлікті бөлу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот отырысында тараптар келесі шарттар жасауымен партисипативтік рәсімі тәртібімен реттеу туралы өтінішпен жүгінді: жауапкер 1 760 000 теңге азаматша Х-ға төлеуге міндеттенеді, сонымен қатар, тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстар жауапкердің мүлкіне көшеді. Жауапкер жеке заттарды азаматша Х-ға беруге міндеттенеді, ал талапкер бірлескен ортақ мүлікті бөлу туралы талап арыздан бас тартады.

Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы

07/06/2016

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 43-бабына сәйкес  Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады.

Сот ер адамға 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

07/06/2016

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К-ның көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарған.

Сот қарыз сомасын өндіру туралы талап арызын қарады

07/06/2016

Атбасар аудандық соты азаматша К-ның азаматша Ш-дан  қарыз сомасы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотпен, тараптар арасында қарыз шарты жасалып, азаматша Ш. азаматша К-дан 500 000 тенге сомасында қаражат алған, оның 45 000 тенгесін азамат Ш-ның қайтарғанын анықталды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 722-бабына сәйкес  қарыз алушы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде қарызын қайтаруға мiндеттi.