Архив событий

27/06/2016

Ақмола облысында әкімдік пен судьялар корпусы өзара әріптестік жөніндегі Меморандумға қол қойды

27/06/2016

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қойылған тапсырмаларды іске асыру мақсатында Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов пен Ақмола облысының әкімі С.Кулагин өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою дөңгелек үстел басында облыстың судьялар корпусының, облыс әкімдігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, медиацияны дамыту орталығының, адвокаттар коллегиясының, нотариалдық палата мен үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Сот қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады

27/06/2016

Егіндікөл аудандық  соты азамат  С-ға қатысты қылмыстық іс қарады. 

Сотпен, азамат С. алкогольдік масаң күйде таныс емес ер азаматқа  себепсіз денесіне түрлі соққылар жасағаны анықталды.

Сот үкімімен азамат С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен («Бұзақылық») кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза қолданылып, пробациялық қадағалау орнатылды. 

Сот лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты

27/06/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушысына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының тиісті бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс талаптарын көрсетілген мерзімде орындамаған.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

27/06/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Г. қоғамдық орында темекінің тұқылын тастаған. Осы әрекетімен азамат Г. ұсақ бұзақылық жасап, ортақ пайдалану орнын ластаған, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген.

Сот қаулысымен азамат Г. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

 

Қорғалжын аудандық соты Ашық есік күнін өткізді

27/06/2016

Қорғалжын аудандық соты Ашық есік күнін өткізді.

Ашық есік күні азаматтар сотқа меншік құқығын тану жөніндегі сұрақтармен келді. Барлық өтініштер мен сұрақтар арызды дұрыс құрастыру мен қажетті құжаттарды жинаумен байланысты болды. Сот төрағасы әрбір келушіге заң талаптарын түсіндірді.

Соттардың ашықтығы мен қолжетімдігін қаматамасыз ету мақсатында, Қорғалжын аудандық соты ай сайын азаматтар үшін Ашық есік күнін өткізеді.