Архив событий

22/06/2016

«Азаматтық процестік кодексін қолдану тәжірибесі» тақырыбына қашықтықтан оқыту

22/06/2016

2016 жылдың 24 маусымында сағат 15.00-де «Азаматтық процестік кодексін қолдану тәжірибесі» тақырыбына азаматтық істерді қарайтын  облыс судьялардың қатысуымен қашықтықтан оқыту өткізіледі.

Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.

Ақмола облысының судьялар командасы өңірлік Спартакиадада жақсы көрсеткіштер көрсетті

22/06/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов Ақмола облысының судьялар командасын өңірлік Спартакиададағы жеңісімен құттықтады.

Салтанатты жиналыста сот төрағасы Спартакиадаға қатысушыларға, жанкүйерлерге, және облыс соттарының судьялар ұжымына алғыс білдірді. Н.Әбдіқанов азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Жанәділов және Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Ақмола филиалының төрағасы Б.Баймырзинге судьялар командасын ұйымдастырып, жарысқа жақсы дайындағаны үшін алғысын білдірді.