Архив событий

09/06/2016

Ақмола облыстық соты семинар сабақ өткізеді

09/06/2016

2016 жылдың 10 маусымда сағат 15.00-де Ақмола облыстық соты қылмыстық істерді қараудың сот практикасы, Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің нормаларын тергеу судьяларымен қолданылуы, қылмыстық процестегі азаматтық талап арызды және сот ісін жүргізу тілі сұрақтарын талқылау бойынша қылмыстық істерді  қарайтын облыс судьяларына арналған семинар сабақ өткізеді.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 1500 азамат әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды

09/06/2016

2016 жылдың бес айында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 1586 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қаралып, 1500 азамат келесі әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды: 33 азаматқа ескерту жасалды, 794 азаматқа әкiмшiлiк айыппұл тағайындалды, 183 азамат әкімшілік қамаққа алынды, 464 азаматқа арнайы құқықтан айыру жазалары  тағайындалды, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ 26 азамат Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді.