Архив событий

02/06/2016

Сот медиатордың қатысуымен азамттық іс қарады

02/06/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық істі медиативтік келісім жасаумен қарады.

Сотта, ерлі-зайыптылар кәсіби емес медиатордың қатысуымен келісім жасап, жанжалды реттеді.

Ерлі-зайыптылар медиативтік келісім жасасып, онда олар ерлі-зайыптылық өмірін жалғастыруына, күйеуі жұбайына қатысты сыйластық пен түсінушілік білдіруіне және отбасына көңіл бөлуіне келісті. Некені бұзу туралы азаматтық істі қарауды  жалғастырудан тараптар бас тартты.

Жұмыстан заңсыз босатылған бухгалтер жұмысқа қайта алынды

02/06/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты жұмысқа қайта алғызу, амалсыз бос жүрген уақытына еңбекақыны төлеу мен моралдық зиянын өндіру туралы Бурабай ауданаралық ауруханасының бұрыңғы бас бухгалтерінің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай тексеру нәтижесі бойынша Бурабай ауданаралық ауруханасының бухгалтерлік қызметінің жұмысында бұзушылықтар анықталған. Оның негізінде жұмыс берушінің бұйрығымен бас бухгалтермен еңбек шарты бұзылған. 

Шетел азаматы Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

02/06/2016

Шортандық аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Өзбекстан азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келіп, Целиноград ауданы көші-қон полициясының органында тұрғылықты мекен-жайымен тіркеліп, өзі нақты Шортанды ауданында  тұрған.

Айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiргені үшін әкімшілік жауаптылық

02/06/2016

Шортанды аудандық соты азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат масаң күйде бола тұра, үйдың жаныңда, бөтен адамдардың алдында, азаматша Б-ға себепсіз былапыт сөйледі. Осы әрекетімен, ер азамат қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Ақмола облыстық соты семинар сабақ өткізеді

02/06/2016

3 июня 2016 года в 15.00 часов Акмолинский областной суд проводит семинарское занятие для судей области, рассматривающих гражданские дела, по вопросам качества составления судебных актов по гражданским делам.

Мемлекеттік саяси қызметке кіру

02/06/2016

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 14-бабына сәйкес  азаматтардың мемлекеттік саяси қызметке кiруi тағайындалу не сайлану негiзiнде, сондай-ақ басқа да жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.

Облыстық соттың сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды

02/06/2016

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы азаматша И-дің жеке кәсіпкерден моралдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.  

Сот анықтағандай, азаматша И. жеке моншаның жуыну бөлмесінде пластикалық орындықтан құлап, дене жарақатын алған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес азаматша И. дене жарақаттарын алып, денсаулығына жеңіл зиян келтірілді деп бағаланды.

Ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық

02/06/2016

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сот отырысына куәның, сарапшының, маманның және аудармашының келмеуінің салдары

02/06/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 197-бабына сәйкес сот отырысына куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда сот iске қатысатын тұлғалардың iстi олар жоқта қарау мүмкiндiгi туралы пiкiрiн тыңдайды және сот талқылауын жалғастыру немесе оны кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.

Сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны алмастыру мүмкiн болмаса, сот iстi талқылауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.