Архив событий

30/06/2016

Сот бұзақылық жасағаны үшін бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады

30/06/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты Ақкөл ауылының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, екі ер азамат дүкеннің жанында жолаушылар орны жағының есігін ашып көлікте отырғанда, азамат Ю-дың басқаруындағы өтіп бара жатқан автокөлік шалшық суды шашыратқан. Болған жағдай салдарынан ер азаматтардың арасында жанжал туындап, жанжал барысында екі ер азамат азамат Ю-ды және оған көмектеспек болған әкесін ұрған.

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты айыппұл тағайындау бөлігінде үкімдерді орындау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізді

30/06/2016

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты  «Айыппұл тағайындау бөлігінде үкімдерді орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Көкшетау қалалық сотының қылмыстық істерді қарайтын судьялары, Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі  А.Тезекбаев, Ақмола облысы жеке сот орындаушылары өңірлік Палатасы басшысының орынбасары Р.Молдагулова қатысты.

Сот үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығын айырумен түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындады

30/06/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталған азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, Гастелло ауылының тұрғыны көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарған және полиция қызметкерлерімен тоқтатылған. Азамат С. медициналық куәландырылуға жіберіліп, нәтижесінде азамат С-да жеңіл түрдегі алкогольдік масаңдық анықталған.

Тараптардың арасында партисипативтік рәсімі тәртібімен келісім жасауына байланысты азаматтық іс өндіріспен тоқтатылды

30/06/2016

Атбасар аудандық соты азамат Л-дың азаматша Л-ға бірлескен ортақ мүлікті бөлу және үлесін анқытау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот отырысында бұрынғы ерлі-зайыптылар келесі шарттар жасауымен партисипативтік рәсімі тәртібімен реттеу туралы өтінішпен жүгінді: жауапкер арыз берушіге автокөлікті беруге міндеттенеді, ал арыз беруші жауапкерге автокөліктің ақшалай құнын төлеуге міндеттенеді. Автокөлік оның құнын толық өтегенге дейін автотұрақта болады. Ал талапкер бірлескен ортақ мүлікті бөлу туралы талап арыздан бас тартады.

Сот берешекті өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

30/06/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты қарыз соммасын  өндіріп алу туралы азамат Д-ның азамат К-ға талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, арыз беруші мен жауапкер арасында  500000 теңге көлемінде қарыз алу туралы келісім жасалғаны анықталды.  Бірақ көрсетілген мерзімде азамат К. келісім бойынша қарызды қайтару міндеттерін орындамаған.

Қарыз қазіргі уақытқа дейін арыз берушіге өтелмеген, сондықтан арыз берушінің жауапкерден қарыз соммасын өндіріп алу туралы талабы негізді және қанағаттандыруға жатады.

Сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

30/06/2016

Шортанды аудандық соты «Қазақтелеком» АҚ-ның азамат Т-дан көрсетілген телекоммуникациялық қызметі үшін берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.  

Сот анықтағандай, тараптар кәсіби емес медиатормен медиативтік келісім жасады.

Сот жол-көлік оқиғасы барысында келтірілген моралдық және материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық іс бойынша татуласу келісімін бекітті

30/06/2016

Бурабай аудандық сотымен азаматша Л-дің талабы бойынша азаматша О-ға жол-көлік оқиғасы барысында келтірілген моральдық және материалдық шығынды өтету туралы  азаматтық іс қаралды.

Сотпен, жауапкердің автокөлік құралымен талапкерді соғып,  оның денсаулығына орташа дәрежеде зиян келтіргені анықталды. Азамат Л-дің денсаулығына келтірген зиянның салдарынан, ол еңбекке жарамсыз болып, еңбек жалақысынан айырылған және де моральдық зиян келтірген.