Архив событий

17/06/2016

Ақмола облысының судьялар корпусы судьялар Одағының өңірлік спартакиадасына қатысуда

17/06/2016

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының өңірлік спартакиадасы басталды. Жарыста Жоғарғы Соттың, Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының, Астана және Әскери сотының командалары кездесті.

Өңірлік Спартакиадада Ақмола облысының судьялары командасының құрамында 26 адам келесі спорт түрлері бойынша жарысқа түседі: мини-футбол, волейбол, үлкен теннис, бильярд, үстел теннисі, шахмат және дойбы.

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің қызметкерлері мемлекеттік қызметші күні құрметіне арналған спартакиадаға қатысуда

17/06/2016

17-18 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметші күні құрметіне арналған мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің арасында екі күндік жарыс өткізуде.

Жарыста Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің командасы 12 адамның құрамында келесі спорт түрлері бойынша жарысуда: жүзу, «Тоғыз құмалақ» және Президенттік тестіні тапсыру.

18 маусымда «Тәуелсіздік» алаңында жарыс велошерумен жалғасын табады.

Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас аясында құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны үшін бес тәулік мерзіміне қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды

17/06/2016

Егіндікөл аудандық соты азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, ер азамат өз үйінде жанжал шығарып өз анасына былапыт сөз айтқаны анықталды. Осы әрекетімен, азамат Қ. жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап құқық бұзышылық жасаған.

Қорғалжын аудандық соты аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері үшін дәріс өткізеді

17/06/2016

2016 жылдың 20 маусымда сағат 11:00–де Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотының төрайымы Х.Кембаева аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі» тақырыбында дәріс өткізеді.

 

Сот актісін орындамағаны үшін сот әкімшілік айыппұл тағайындады

17/06/2016

Есіл аудандық соты азаматша Н-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, азаматша Н-ға қатысты атқару парақ негізінде қарызын өндіріп  алу туралы атқару өндірісі қозғалғаны анықталды. Бірақ борышкермен сот актісін орындағаны үшін шаралар қабылданбаған.