Архив событий

29/06/2016

Сот тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатты

29/06/2016

Ақмола облысы Зеренді аудандық соты алкогольдік масаң күйде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай азамат К. жеке үйде бол тұра жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөйлеген. Сонымен қатар, азамат К. өзінің құқыққа сыйымсыз әрекетімен жұбайына сыйламаушылық білдіріп, үйде тыныштықты бұзған. 

Целиноград аудандық соты медиация институтын дамыту сұрақтары бойынша жергілікті әкімдікпен кездесу өткізді

29/06/2016

Целиноград аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Ж.Теміров медиация институтын қолдану мен дамыту бойынша  Целиноград ауданының  әкімі аппаратының заң  бөлімінің қызметкері А.Салыбековамен  бірлесіп аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

Іс шараға ауылдық округ әкімдері, аудандық маслихат депутаттары, аудан әкімі аппаратының өкілдері, ақсақалдар кеңесі және ауыл тұрғындары қатысты.

Сот алқабилердің қатысумен қылмыстық іс қарады

29/06/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысумен азаматша Е-ге қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Е.  кикілжің салдарынан өзінің күйеуін тұыншықтырып, аурып жатқанына байланысты ол қарсылық білдіре алмаған.  Тұыншықтыру салдарынан күйеуі қылмыс жасалған орнында қайтыс болды.

Алқабилердің айыптауымен азамат Е. адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

29/06/2016

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген заңды ұйғарымды орындамағаны үшін жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша аудандық басқармасының мамандарына тексеріс барысында сатылатын өнімге тиісті және өнімді жөнелтетін құжатты ұсынбаған.