Архив событий

15/06/2016

Бұланды аудандық соты Ашық есік күнін өткізеді

15/06/2016

2016 жылдың 16 маусымында сағат 10.00-ден 11.30-ге дейін Ақмола облысы Бұланды аудандық соты аудан тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізеді.

Ашық есік күні сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуге,  тұрғындардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында өткізіледі. Заңды тұлғалардың өкілдері мен азаматтарды Бұланды аудандық сотының төрағасы және кеңсе меңгерушісі қабылдайтын болады.

 

Ақмола облыстық соты қылмыстық істерді қарайтын судьялар үшін семинар өткізді

15/06/2016

Ақмола облыстық соты облыс судьялары үшін қылмыстық істерді қарау бойынша сот практикасы, Қылмыстық процестік кодекстің нормаларын тергеу судьяларымен қолдану практикасы, қылмыстық процестегі азаматтық талап арыздар сұрақтары және сот ісін жүргізу тілін талқылау бойынша семинар өткізді.

Сот алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығарды

15/06/2016

Бұланды аудандық соты кәмелет жасқа толмаған балаларды асырауға ай сайынғы алиментті өндіріп алу  туралы  сот бұйрығын шығарды.

Сотпен, азаматша Х. азамат Л-мен тіркелген некеде тұрып, екі бала бар екені анықталды.

Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы кодексі 138-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың сот тәжірибесі» тақырыбына қашықтықтан оқыту

15/06/2016

2016 жылдың 17 маусымында сағат 15.00-де «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың сот тәжірибесі» тақырыбына  облыс судьялары үшін қашықтықтан оқыту өткізіледі.

Қашықтықтан оқытудың үйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.