Архив событий

06/06/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты заңнаманы бұзған үшін Грузия Республикасының 12 азаматтарына қатысты әкімшілік істер қарады

06/06/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Грузия Республикасының 12 азаматтарына қатысты әкімшілік істер қарады.

Бурабай аудандық соты Қазақстан Республикасында медиация институтын заңнамалық негізде іске асыру жөнінде семинар өткізді

06/06/2016

Бурабай аудандық соты судьялардың, ауылдық округтер мен ауыл әкімдерінің, әкімдік өкілдерінің, кәсіби медиатор мен  отставкадағы судьяның қатысуымен «Қазақстан Республикасында медиация институтын заңнамалық негізде іске асыру» тақырыбында семинар өткізді.

Бурабай аудандық сотының судьясы А.Абимұратова Мемлекет басшысының сот жүйесін жаңғырту жөніндегі Ұлт жоспарындағы іс-шараларды іске асыру шеңберінде Жоғарғы Сотпен жүзеге асырып жатқан жұмыстары жайлы баяндады.

Сот әкімшілік айыппұл тағайындап, ЖШС-нің қызметін уақытша тоқтатты

06/06/2016

Еңбекшілдер аудандық соты еңбекақы бойынша берешекті төлеу жөніндегі Ақмола облысының мемлекеттік еңбек инспекторының ұйғарымы бойынша талаптарын орындамаған ЖШС-нің директорына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ЖШС-нің директоры еңбекақы бойынша берешекті төлеу жөніндегі ұйғарымның талаптарын орындамай, ҚР Еңбек кодексінің талаптарын бұзған. Берешек қаражат айналымының жетіспеушілігінен туындаған. Қазіргі уақытта қарыздың бөлігі өтелген. Егу жұмыстары аяқталғасын жауапкермен берешекті өтеу бойынша шаралар қабылданатын болады.

Айыппұл тағайындау түріндегі жаза қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына ауыстырылды

06/06/2016

Ақмола облысы Енбекшілдер аудандық соты азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. бұрын Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы») көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 198 200  тенге айыппұлды мелекеттік кіріске  өндіріп алу түрінде жаза тағайындалды. 

Заңсыз қару-жарақты сақтау

06/06/2016

Степногорск қалалық соты  атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін азамат Ж-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен,  азамат Ж. оқ дәрумен атылатын қаруді және оған үш патрон тауып, өз үйінде заңсыз сақтағаны анықталды. Содан кейін, ер адам полиция қызметкерлерімен ұсталынып, одан  жарақат салатын  қару мен патрондар алынды.

Сот Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салу жазасын тағайындады

06/06/2016

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты азаматша С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін азаматша С. сатып алушыға күндіз сағат 11.45-те алкогольдік өнімін сатқан. Осы әрекетімен, азаматша С. этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын алкоголь өнiмiн сағат 21.00-ден келесі күнгі сағат 12.00-ге кезеңіне дейін бөлшек сауда арқылы заңсыз өткiзгені анықталды.

Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық

06/06/2016

Қорғалжын аудандық соты балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ж. балық аулауға Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тыйым салынғанына қарамастан, тыйым салынған құралмен, яғни құрмалы аумен тыйым салынған мерзімде балық аулаған.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

06/06/2016

Атбасар аудандық соты бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін азамат М-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат қоймаға заңсыз кіруімен бөтен мүлкін жасырын жымқырған, осы әрекетімен жәбірленушіге 26 200 теңге сомасына  мүліктік залал келтірген.

Жәбірленуші сотқа сотталушымен татуласқаны, материалдық залал толық көлемінде өтелгені және сотталушымен татуласуына байланысты істі тоқтату туралы өтінішімен жүгінді.