Архив событий

03/06/2016

Бұланды ауданында медиация кабинеті ашылды

03/06/2016

Медиация институтын дамыту, татуластыру рәсімдерін соттарда қолдану сұрақтары бойынша азаматтарды ақпараттандыруды арттыру және кеңінен қолдану мақсатында, аудан әкімінің қолдауымен аудандық әкімдігі ғимаратында Бұланды аудандық сотымен медиация кабинеті ашылды.  

Медиация кабинетінде әр азамат ақпараттармен, анықтама материалдармен және буклеттермен танысып, қажетті кеңестер алып, сонымен қатар, медиатордың қатысуымен медиация рәсімін жүргізе алады.

Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу

03/06/2016

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру

03/06/2016

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 15-бабына сәйкес жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.